Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Табысты әйелдердің қанатты сөздері

Табысты әйелдердің қанатты сөздері

Табысты әйелдердің қанатты сөздері

Әлемді сұлулығымен, дарынымен баурап алған танымал жұлдыздардың да жеке өмірлері бар және әрқайсысы өмірді өзінше түсініп, өзінше пайымдайды. Олардың сұхбаттарда өмір, махаббат, әйел мен еркек қарым-қатынасы жайлы айтқан сөздерінен кішігірім топтаманы назарларыңызға ұсынамыз.

«Адам жайлы алғашқы он секунд ішінде құрылған әсерімді өте сирек өзгертемін» — Маргарет Тэтчер

«Достарым менің алпыстан асқанымды есіме салғанда, өзім сенбей қаламын. Әлі он екі жаста сияқтымын. Бәлкім, мен сол балалық шақта қалып қойған шығармын және әлемге сондай көзқараспен қараймын. Маған әлі күнге дейін өмір сүру қызық. Мен әр күніме, өзіме әрдайым жаңалық ашып отыра алатыным үшін тағдырыма ризамын. Егер бойыңызда баланың жанын сақтап қала алсаңыз, онда өмірдің ең бақытты сәттері әлі алда...» — Софи Лорен

«Ең бастысы – киген киіміңде өзіңді жайлы сезіну. Сәнді, бірақ өзіңе жараспайтын киім кию арқылы өзіңді жоғалтып алуға болады» — Айшвария Рай

«Күйеуге шығу – бұл жердегі тозақтың бейнесі» — Шэрон Стоун

«Кішкентай кезімде, өзіңе назар аударту әдепсіздік деп үйретті және ешқашан өзіңді көрсетуге құмар болмау керек деді. Мен мұнымен өмір бойы ақша тауып келемін» — Одри Хепберн

«Өмірді қалай бар, солай қабылдаңыз. Қателестіңіз бе – жарайды! Мен өз ісімнен сабақ аламын, ешқашан өзімді жазғырмаймын, әрі қарай жүре беремін... Ең бастысы – үстімде тамаша көйлек, біз өкшелі туфли, ал бойымда – жиған тәжірибем!» — Ева Лонгория

«Балалар үшін ата-анасының ұрысын есту дұрыс емес деп ойлаймын. Менің шешімім – әрдайым ұрыс пен түсінбестік орын алған бір үйден, бақыт пен махаббатқа толы екі үйдің болғаны балам үшін дұрыс екеніне сенімдімін» — Кристина Агилера ажырасуы жайлы

«Мен ештеңеге өкінбеймін. Ешқашан өкінбедім. Өкінуден бірдеңе шығады деп ойламаймын. Өзіңді сөксең, өзіңнен ұялатын боласың. Ұялған адам торда отырғанмен тең» — Анджелина Джоли

«Ең алғаш ұшақпен ұшқан сәтім – өмірімдегі ең керемет сәтім. Менің отбасым өте кедей еді, сондықтан билет сатып алуға мүмкіндігім болмады» — Адриана Лима

«Аққұба болу – керемет: елдер сенен көп нәрсе күтпейді, сондықтан әсер ету де оңай» — Памела Андерсон

«Егер саған біреу жағымпазданып жатса, көп ұзамай соққы алатыныңа сенімді бол» — Людмила Гурченко

«Мен ешқашан дауласпаймын. Дау-жанжал – бұл өзіңнің дұрыс айтып тұрғаныңа күмәндану. Ал мен әрдайым дұрыс айтамын» — Барбара Брыльска

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға атсалысыңыз. Біздің де бір күні көмекке зәру болуымыз мүмкін ғой» — Пинк

«Егер сіз махаббат пен мәнсап арасында таңдау жасай алмай жүрген болсаңыз, мәнсапты таңдаңыз, өйткені ол күндердің бір күнінде сізді сүймейтін болып шықпайды» — Леди Гага

«Әйелдер, әрине, ақылдырақ. Еркектің әдемі аяғы үшін басын жоғалтып алған әйелдерді көргенсіз бе?» – Фаина Раневская

«Шынымен ақылды адамдар бестік баға алмайды. Олар бағаның түкке қажеті жоқ екенін жақсы біледі» — Натали Портман

«Өмірімде біраз есерсоқтық жасадым. Бұл мені абай болуға үйретті: енді адамды бес жылдай танымай тұрмысқа шықпаспын. Біз бір-бірімізге лайық екенімізге, ол менің өміріме араласа алатындығына нақты көз жеткізуім керек» — Милла Йовович

«Өз киіміңізді өзіңіз үтіктесеңіз, танымалдылық сізге кері әсер ете алмайды» — Мерил Стрип

«Табысты болуымның формуласы жоқ. Менің ойымша, әрдайым шынайы болып, өтірік істемеу керек» — Наталия Орейро

«Сен жаңа піскен, дәмді, шырынды шабдалы болуың мүмкін, бірақ сонда да шабдалыны жек көретін адам табылады» — Дита фон Тиз

«Еркектер менен қорқады. Бұл менің бойымда тасыған энергиядан болар. Мен өзіме не керегін нақты білемін, ал бұл еркектерді жасытады, сондықтан маған қарай қадам жасауға қорқады» — Николь Шерзингер

Сурет: lady.tsn.ua, www.starslife.ru, ria.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 11 наурыз 2014, 20:46
Пікірлер
+0
12 наурыз 2014, 10:27

Тэтчер мен Портманның айтқандары ұнады, Раневская быт-шытын шығарыпты) ал Джолимен келіспеймін!

+0
12 наурыз 2014, 10:33

Ұнады, әсіресе АНджелинаныкы, ешқашан өкінбеу керек деген

+0
12 наурыз 2014, 10:40

«Күйеуге шығу – бұл жердегі тозақтың бейнесі» — Шэрон Стоун. Неге өйдеді екен. Агилераның ажырасу туралы айтқаны ұнап қалды. Адриана Лиманың сөзін бір күні мен де айтатын шығармын деп үміттенемін :|

+0
12 наурыз 2014, 17:10

Кейбіреуі әбестеу болса да, «Өмірді қалай бар, солай қабылдаңыз. Қателестіңіз бе – жарайды! Мен өз ісімнен сабақ аламын, ешқашан өзімді жазғырмаймын, әрі қарай жүре беремін... Ең бастысы – үстімде тамаша көйлек, біз өкшелі туфли, ал бойымда – жиған тәжірибем!» деп жақсы айтқан екен...

+0
12 наурыз 2014, 22:11

Джолидың ешқашан өкінбе дегені ұнады! Бірақ әрі қарайғысын бізге онша келе қоймайтын сияқты, менталитетке.

+0
13 мамыр 2014, 16:01

Дита фон Тиз-дің айтқаны керемет екен, дәл әрі нақты айтыпты)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.