Әр мектептің, әр сыныптың өз «жұлдыздары» болады. Және сол «жұлдыздардың» ережелерге бағынбауы құрдастардың мазағына қалуға себеп болады. Өтпелі кезеңде бұл жасөспірімге психологиялық соққы болуы мүмкін. Дегенмен қазірде атақты әрі ең сымбатты деген әлемдік жұлдыздардың өзі мектеп кезінде құрдастарының мазағына көп ұшырағандықтарын айтады. Бұл олардың табысты мансап құруына еш кедергі болмады.
Джессика Альба
Джессика Альбаның мектепте аса танымал болмағанына сену қиын. «Мен басқа қыздардың көзіне түсіп қалмау үшін түскі асымды медбикенің кабинетінде ішетінмін. Аралас нәсілден шыққаныммен қоса, ата-анам кедей тұратын, сондықтан әдемі киім мен сөмкені тек армандап өстім», - деп есіне алады актриса.
Кристен Стюарт
Актриса бір сұхбатында: «Мектептен кеткеніме сондай қуанған едім. Мен сабаққа көп қатыспайтынмын. Өз қатарластарыммен тіл табысу сондай қиын болатын. Олар сондай мейірімсіз көрінетін», - деген екен.
Тейлор Свифт
Тейлор Свифт әндерін сонау мектеп қабырғасында жүріп жаза бастаған, өйткені өз-өзімен оңашада қалғанды ұнатқан.
Зак Эфрон
«Мен озат оқушы болатынмын. Оған қоса театр үйірмесіне қатысатынмын, бұған құрдастарым біртүрлі қарайтын», - дейді Зак.
Селена Гомес
Әнші мектепте оны бәрі кемсіткенін айтқан екен. «Бастауыш мектепте де, орта мектепте де мені құрдастарым әрдайым қорлап, мазақтайтын».
Дженнифер Гарнер
Үш баланың анасы: «Мен мектепте аса танымал емес едім. Былайша айтқанда, әрдайым елеусіз жүретін қыздардың бірі едім. Әрдайым дұрыс киініп жүретін, озат оқушылардың бірі болғанмын. Мұндай оқушылар әрдайым келеке болады емес пе?», - деп есіне алады Гарнер.
Чэд Майкл Мюррей
«Мен мектепті жек көретінмін. Достарым да жоқ болатын, өйткені олармен араласа алмайтынмын».
Шарлиз Терон
«Орта мектепте ешкіммен жүрмегенмін. Бір балаға қатты ғашық болатынмын. Ол менен бір-екі жас үлкен болатын және мені тіпті де елемейтін», - деп есіне алады Шарлиз Терон.
Деми Ловато
«12 жасымда бәрі мені кемсітетін. Еш кінәсіз болдым деп те айта алмаймын. Өте қыңыр қыз болатынмын».
Сурет: kotofot.ru, www.goodfon.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Ақш тағы мектептерді кинодан көрсек те дәл солай ғо, бір-бірін келеке етеді, тәрбие оларда жоқ сондықтан бәрі оқығысы келмеген болар!
я шынындада дұрыс олардын саналары бұзылған :o
Нағыз сұлулар кемістік көріпті ғой, өмір заңы сияқты ғой.
Йа шыныменде, біздің мектептер шүкір Аллаға тәрбие бар, кейін біздің балалар қандай болады екен бірақ? қорқынышты ойлауға!!
Иә бала кезде сұлу болғандардың көбісі сол сұлулықтарын жиі сақтай бермейді, ал кемістік көргендер онша емес болудан жалығып, шоу бизнеске ұмтылатын секілді.
Мені де кішкентай кезімде достарым көп мазақтап, өз қатарларына қоспайтын) Қазір де солай. Мүмкін менде танымал жұлдыз болып кететін шығармын :)
Мәәә мынаны оқып қорқып кеттік қой.Біздің сыныптың қыздары "үндемес" адам танымай кетпесе,,,
жұлдыздарда біраз қыйыншылық көріпті ғо 8-) 8-) 8-) 8-) 8-) 8-)