Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жұлдызды достар топтамасы

Жұлдызды достар топтамасы

Жұлдызды достар топтамасы

Шытырманға толы Голливуд әлемінде шынайы дос табу мүмкін еместей көрінеді. Алайда бұл кейбір жұлдыздардың қолынан келді. Олар жай ғана сәлемі түзу жолдастар ғана емес, сыр бөлісіп, шер тарқатысатын жақын достар. Бұл жазбада жылы қарым-қатынастары уақыт сынағынан сүрінбей өтіп, нығая түскен жұлдызды достар туралы айтып бермекпіз.

Дженнифер Энистон мен Кортни Кокс

Баспасөз Дженнифер Энистонның Джастин Терумен қарым-қатынасы жайлы шулап жатқанда актрисаның өзі бұл туралы ләм-мим демейді. Дегенмен актриса жақын құрбысы Кортни Кокс жайлы құшырлана әңгіме айта беруге құмар. Мысалы, жақында The New York Times баспасына берген сұхбатында журналистің “бақытты сәттерде жаныңызда кімді көргіңіз келеді?”, - деген сұрағына (Теруді меңзегісі келгені анық), Дженнифер “Ең жақын құрбым Кортни Коксты”, - деп жауап берген екен.

Бұл екі құрбының достығы “Достар” телехикаясының түсірілімінде 1994 жылы басталған және әлі күнге дейін жалғасып келеді. Кортни өзінің достығының құпиясы сенімде жатыр деп мәлімдеген: «Менің ойымша, Дженниферді жақсы көретінімнің себебі, мен оның жанында өзімді жайлы сезінемін – әрқашан! Тіпті түннің бір уағында маған біреуге хабарласу керек болса, мен Дженнің нөмірін теремін». Энистон да демалыстарды Кортнимен өткізгенді қалайтындығын айтты.

Бен Аффлек пен Мэтт Деймон

Бұл нағыз ерлер достығының мысалы. Бен мен Мэтт бала кезінен дос. Олар кезінде аналары ертіп әкелген кастингте танысқан екен. Ол кезде Аффлек 10-да, ал Деймон 8-де болатын. Аналары балаларының жақсы қасиеттері жайлы әңгімелесіп жатқанда екі бала танысып үлгерген және көрсетілімге шақыруға асықпайтын хатшының орындығына жапсырма шеге қойып кетіпті. Сол шеге және аналарынан естіген ұрыс, сол күні екі баланы жақындастырады. Оның үстіне, бұл екеуі бір көшеде тұратын болып шыққан.

Ақырында олардың жолы екіге айрылды: Дэймон Гарвардқа түседі, ал Вермонтқа түскен Аффлек оқуын тастап, Голливудқа аттанады. Кейін Бен Мэтты Голливудқа шақырғанда ол досының шақыртуын бірден қабыл алады. Сол кезде екі жігіт жақсы фильм түсіруді ойластырыпты. «Ақылды Уилл Хантингтің» сценарийін жазып, бір сәтте танымалдылыққа ие болады. Фильм үздік сценариі үшін «Оскар» және «Алтын глобусты» сыйлықтарын иеленеді.

Актерлер азғын періштелерді сомдайтын «Догма» (1999) фильмінен кадр

Олар әлі күнге дейін бірге келе жатыр, оларды уақыт та, тіпті Дженнифер Лопес те ажырата алмады. Лопес кезінде не мен, не Мэтт деген талап қойған деседі. Беннің кімді таңдағанын біз білеміз.

Брэд Питт және Джордж Клуни

Питт пен Клуниді Стивен Содербергтің «Оушеннің он бір досы» криминалды комедиясындағы біріккен жұмыс табыстырды. Кейін олар бірігіп Дарфур судандық провинциясындағы жапа шеккендерді қолдау шараларымен айналысты. Клуни Питт жайлы былай дейді: «Мен оның адамгершілік қасиеттерін, дарынын сыйлап қана қоймаймын, сонымен қатар, оның әлемге көмектескісі келетін ізгі ниетін қолдаймын. Әлемнің жақсаруына қаншама еңбек етіп жүргенін жеткізу үшін сөзім жетпейді. Мен оны досым дей алатыныма мақтанамын».

Брэд пен Джордж «Оушеннің он бір досы» фильмінде

Дженнифер Лоуренс және Тэйлор Свифт

Лоуренс пен Свифттің достасқанына көп уақыт өткен жоқ. Қыздар жиі хат алмасып тұрады екен және бір-бірінің жетістігіне қуанып, демеу болып отыратын көрінеді.

Николь Кидман және Наоми Уоттс

Николь мен Наоми танылғанға дейін де құрбы болған. Олар сонау Австралияда «Флирт» (1991) фильмінің кастингінде танысқан екен. Ал бұл фильмдегі басты рөл Никольға бұйырады. Кейін, Николь Голливудқа ауысқан соң, продюсерлерге құрбысын да алуды ұсынған. Никольдың табандылығының арқасында Наоми да Голливудқа табан тірейді. «Никольдың есігі әрдайым мен үшін ашық. Ол мені құшақ жая қарсы алып, бар шерімді тыңдайды», - дейді Наоми құрбысы жайлы.

Рианна және Кэти Перри


Рианна мен Кэти Перриді қарапайым сөмке табыстырған екен. Салтанатты кештердің бірінде Кэти Рианнаның қолынан шипа шегеленген сөмкені байқап қалады: «Ең бірінші, менің байқағаным, Рианнаның қолындағы Valentino-ның шипа шегеленген сөмкесі болды және ол тамаша көрінді», - дейді Кэти Elle журналына берген сұхбатында. «Мен сөмкесін мақтаған едім, ал РиРи дәл осындай сөмкені маған сыйға тартатынын айтты. Бір аптадан кейін ол маған шынымен Valentino сөмкесін жіберді, сонда мен: Уау, бұл қыз уәдесіне берік жан екен деп ойладым».

Айта кететіні, Кэтидің Рассел Брэндпен некелесуі алдында қыздар кешін дәл осы Рианна ұйымдастырған болатын, сонымен қатар ажырасқан соң да жұбатқан өзі болды. «Бұл салада Кэти сияқты адамдарды таппайсыздар», - дейді Рианна құрбысы жайлы.

Райан Рейнольдс және Сандра Баллок


Әйел мен еркек арасында достық болмайды деп кім айтты? Бұған дәлел — Райан Рейнольдс пен Сандра Баллок. Актерлердің айтуынша, олар өте жақын достар, араларында ешқашан сезім болған емес. Олар Баллок үшін қиын-қыстау уақытта – Джессон Джеймспен ажырасып жатқан кезінде танысқан. Райан сол кезде актрисаға демеу болған. Кейін «Ұсыныс» (2009) картинасында бірге ойнап, достықтары нығая түсті.

Сандра және Райан «Ұсыныс» фильмінде

Сальма Хайек және Пенелопа Крус


Сальма мен Пенелопа бір-бірін өте жақсы түсінеді. Сальма Пенелопамен достығы жайлы былай дейді: «Дос – бұл бір жан және екі дене» деген сөз біз жайлы». Олар әңгімелесу үшін бір-біріне жиі хабарласып тұрады. Пенелопа «Бандиткалар» фильмінің түсірілімін жиі еске алады. Түсірілім барысында ұшақ бірге тұрған қос құрбыға құлап кете жаздайды. «Біз сонда әрең аман қалдық», — дейді Пенелопа. — Дәл сол сәтте "егер өлсем, жақын құрбыммен бірге өлемін" деп ойладым».

Сальма мен Пенелопа «Бандиткалар» фильмінде

Леонардо ДиКаприо мен Тоби Магуайер

Леонардо ДиКаприо мен Тоби Магуайер «Бұл баланың өмірі» фильмінің түсірілімінде, 1993 жылы танысты. Кейін бірнеше біріккен жобаларда өнер көрсетті: «Розанна», «Кафе «Донс Плам», «Ұлы Гэтсби».

Достар бірге демалғанды, матчтарға бірге барғанды және спорттық ойындарды ойнағанды жақсы көреді.

Брэдли Купер мен Джерард Батлер


Жігіттер бірге көңіл көтергенді ұнатады. Әсіресе теннис чемпионаттарын бірге тамашалағанды жақсы көреді.

Купер мен Батлер бір фильмге түсуді армандайды екен: «...комедияда немесе боевикте. Бірақ егер соңғысы болса - онда жау болсақ деймін, бір-бірімізді әбден қинап алатын едік» - деседі екі дос.

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 ақпан 2014, 12:27
Пікірлер
+0
26 ақпан 2014, 14:04

Брэд Питт туралы жақсы айтыпты :D

+0
26 ақпан 2014, 19:32

Мен олар тек кинода дос болады деп ойламаппын

+0
26 ақпан 2014, 20:07

Кім болса да, мен көздерінен қорқып отырм :x

+0
27 ақпан 2014, 00:27

Керемет, жас кезінде Тоби Леоға қарағанда ірі болған екен, қазір керісінше :idea:

+0
27 ақпан 2014, 15:11

мықты материал лайк

+0
17 сәуір 2014, 19:51

Ал біздің қазақ жұлдыздарының арасында Қарақат пен Мәдинаны нағыз құрбылар десе де болады!Жалпы,Қазақстан халқында достар көп қой!Біз -қонақжай әрі досқа берік халықпыз ғой! :D

+0
02 мамыр 2014, 10:42

Досым деп айтуға лайық адамың болса керемет қой! Достықтың орны бөлек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.