Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Брюс Ли мен Жан-Клод Ван Даммға еліктедім"

"Брюс Ли мен Жан-Клод Ван Даммға еліктедім"

Киноәлемде Юрий Бойко деген атпен көрермен көзайымына айналған Скотт Эдкинс, сөз жоқ, жастардың сүйікті актері. Әсіресе оның ерекше төбелес өнері талай баланың спортпен айналысуына сеп болғанына ешкім де қарсы келмес. Ендеше, бұл актермен таныс болайық.

Скотт Эдкинс Англияның Саттон Колдфилд қаласында 1976 жылы 17 маусымда дүниеге келген. Оның отбасы бірнеше ұрпақ жалғастырып қасапшылық кәсібімен айналысқан екен. Оқуы көңіл көншітетіндей де болмапты, «сабақтан келе сала түннің бір уағына дейін кинофильмдер көретінмін», - дейді ол. Бала кезінен-ақ Скотт спорттың бірнеше түрімен айналысып келсе, он жасқа келгенде әкесі оны ағасы Крейгпен бірге дзюдо үйірмесіне жазылдырыпты. Осы кезден бастап біздің кейіпкеріміз төбелес өнерімен «ауырады».

«Төбелес өнері өмірімнің негізі болды», - дейді ол. Брюс Ли мен Жан-Клод Ван Даммдарға еліктеген бала күн-түн демей жаттығу алаңында болыпты. «Әкемнің көлік қоймасын жаттығу алаңым етіп алдым. Тіпті Брюс Лидің суретін іліп қойып, оған табынатынмын», - деп ағынан жарылады актер. 14 жаста Скотт Таэквандомен айналыса бастайды. Кейін кикбоксингпен айналысқан. Дәл осы кезде ол қалтасы тесік студент болcа да "Күтпеген шақыру" («Экстремальный вызов») фильмінде көрінеді. «Киноиндустрияда өзіне жол ашу үшін көптеген спортшының Гонконгқа баратынын білетінмін. Бірақ өз басым оған мән бермеппін. Ал ол жақтан маған шақырту келгенде таңғалғаным бар», - деді ол. Осылай біздің «төбелесқұмарымыз» Юнь Вон Пинг, Кори Юэнь, Саммо Хун және даңқты Джеки Чанмен бірге жұмыс істеу бақытына ие болады.

Ал оның ең биік нәтижеге қол жеткізген тұңғыш фильмі түрме қаһарманы Юрий Бойко жайлы фильм болады. Бұл жұмысы («Неоспоримый 2») тек екінші тараптағы рөл болса да, оның өнерін тамашалаған жұрт кейін оны «Ультиматум Борна» және «Люди Икс: Начало. Росомаха» жобаларына шақырады. Ал кейін, 2009 жылы «Ниндзя» фильмінде басты рөлді ойнайды.

Журналистердің «әр фильміңізде төбелес сәттерін керемет сомдайсыз, ал солардың ішінде сізге қайсысы ұнайды?», - деген сұрағына ол былай жауап береді:

«Меніңше, “Неоспоримый 3” фильміндегі 7 минутқа созылатын төбелес сәтті шыққан. Онда Марко Зарор қарсыласым болды. Бұл кадр шын мәнінде 7 минутқа созылды. Себебі бізде қайта-қайта түсіруге уақыт болмай, бір қойылып берген төбелесті үзбей сомдадық».

Мына видеода Скот Эдкинстің жаттығу әдіс-тәсілдері көрсетілген:

P.S. Голливуд жұлдыздарымен таныстыру үшін циклды материалдарды ұсынбақпыз. Ал сізге қызықты болса, өзіңіз фильмдерін сүйіп көретін актерлеріңізді айтыңыз. Келесі материалымызды Сіздің сүйікті актеріңізге арнауымыз әбден мүмкін! 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: forum.hrvk.com

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 20 ақпан 2014, 09:06
Пікірлер
+0
20 ақпан 2014, 13:35

Чак Норрес... .

+0
20 ақпан 2014, 14:01

Чжан Гын Сок

+0
20 ақпан 2014, 15:22

Дольф Лунгренді жазыңдаршы

+0
21 ақпан 2014, 12:10

Юрий Бойко образы қатты жарасады өзіне, Ниндзяны осы емес пе ойнаған??

+0
21 ақпан 2014, 12:20

Скотт Эдкинс

+0
21 ақпан 2014, 15:48

:mrgreen:

+0
23 ақпан 2014, 01:15

Колин Фаррелл, Сэм Уортингтон, Роберт Де Ниро.

+0
25 ақпан 2014, 14:36

керемет актердесем артық айтпағаным шығар :) :) :) ;) ;) ;)

+0
01 наурыз 2014, 12:20

Том Хэнкс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.