Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тегінде орыстың қаны бар батыс кино жұлдыздары

Тегінде орыстың қаны бар батыс кино жұлдыздары

Тегінде орыстың қаны бар батыс кино жұлдыздары

ХХ ғасырдың басындағы төңкеріс, ашаршылық пен соғыс жылдары көптеген ресейліктердің шетелге қоныс аударуына себеп болды. Эмигранттардың ұрпағы қазіргі бейбіт өмірде өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, дарындарының арқасында әлемге танылды.

Вайнона Райдер

Актриса Вайнона Райдердің ата-бабасының шын тегі - Томчины. Ол Ресей және Румыния еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген. Вайнонаның інісіне ғарышкер Гагариннің құрметіне Юрий деген ат берген. Актрисаның айтуы бойынша, ол шыққан тегін құрмет тұтады және ата-бабасының Екінші Дүние Жүзілік соғыста көрген азабы жайлы фильм түсірмек. 

Натали Вуд


Голливудтың патшайымы саналатын Натали Вуд ресейлік тегін ешқашан жасырған емес. Актрисаның шын есімі - Наталья Николайқызы Захаренко. Көтеріліс жылдары ата-анасы Харьковтан Владивостокқа қашады, ал кейін Қытайға. Ал сол жақтан - Сан-Францискоға. Дәл сонда 1938 жылы Наталья дүниеге келген.
Актрисалық жолын, орыс инженері мен ақсүйек әйелдің қызы төрт жасынан бастайды. Оның қатысуымен түсірілген - «Вестсайдские истории», «Большие гонки» фильмдері әлемдік кино қорына енген. Натали Вуд Голливудтың ең әдемі, даулы және жұмбақ актрисасы болып есте қалды. Ол 1981 жылы көз жұмды. Оның өлімі әлі күнге дейін ашылмаған құпияға толы.

Робер Оссейн


Анжелика жайлы кино-эпопеяда Жофрейя ролімен танылған француз актері Робер Оссейн Францияда туылған. Алайда негізінде Оссейн – Самарқанд тумасының, композитор Әминұлы Гуссейнов пен киевтік Анна Мневскаяның ұлдары. Олар Ресейден төңкерістен кейін бірден көшіп кетеді. Робердің бірінші әйелі этникалық славян қызы Марина Влади болады. Ал ұлдарына Петр және Игорь орыс аттарын береді. Өткен онжылдықтардың тартымды актерінің сүйікті тағамы қара нан мен тұздалған қияр болған.

Харрисон Форд


Харрисон Фордтың анасын кішкентай кезінде Дора Нидельман деп атаған (кейін Доротиге ауыстырып алады). Оның анасы Анна, Фордтың әжесі Минсктен 1907 жылы көшіп кетеді.
Харрисон Форд ең алғаш ата тегінің жеріне жеті жыл бұрын, Мурманскіде «К-19» фильмінің түсірілімі кезінде аяқ басқан.

Леонардо Ди Каприо


Миллиондардың кумирі актер Леонардо Ди Каприоның тегінде де славяндықтардың қаны бар. Леонардоның әжесінің аты Елена Смирнова. Көтерілістен кейін ата-анасы оны туған жері Одессадан Германияға алып кетеді. Кейін ол күйеуімен бірге АҚШ-қа қоныс аударады.

Мила Кунис



Танымал актриса және Эштон Катчердің қалыңдығы Мила Кунис Украинада туылған. Черновцыда оның анасы мектепте физикадан сабақ берген, ал әкесі Черновцы зауытында жұмыс істеген. Кунис жетіге толғанда олар АҚШ-қа қоныс аударады. Мила Маркқызы Кунистің отанында атасы мен апасы қалды. Ол олар жайлы жиі еске алып, уақыты болғанда барып тұрады екен. 

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2013, 16:19
Пікірлер
+0
24 желтоқсан 2013, 16:20

Леонардо мен Миланы білмеген екенмін...

+0
24 желтоқсан 2013, 17:28

Мила орыс тілінде таза сөйлейді деп естігем

+0
24 желтоқсан 2013, 17:43

Николь Шерзингерде де "сондай" бар деп естігем ) Ал, Мила Кунис, сосын Мила Йовович екеуінің орысша сөйлеп отырғанын көргем, еш акцентсіз, таза, тек мәнерлері басқаша, батыстыкі. Күшті мақала! Рақмет!

+0
24 желтоқсан 2013, 18:42

Леонардо Ди Каприо :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.