Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Еуропаны бағындырған қазақ - Mamer әнші

Еуропаны бағындырған қазақ - Mamer әнші

Еуропаны бағындырған қазақ - Mamer әнші

Ардақты Массагеттің оқырмандарына бүгін Еуропа мен Қытайда Mamer деген атпен танымал этникалық қазақ, әнші туралы әңгімелеп бермекпіз. Қазақстанда әлі танылмаса да, бүкіл Еуропаны өнеріне табындырған Мамырдың өнері сүйсінсе, сүйсінерліктей...

Мамыржан Қытайдың Синцзян провинциясында дүниеге келген. Осы жерде жастайынан домбыра мен қазақы әндердің дыбысын естіп өскен. Осылайша кейіннен провинцияның орталығы Үрімшіге көшіп барады. Осында жергілікті музыкалық колледжге түссе де, ол оқуын аяқтамай, орта жолдан тастап кетеді. Pink Floyd, Yes және King Crimson-дардың музыкасын құлағына сіңірген ол кейінірек өзі де өнер жолына түседі.

2002 жылы Пекинге көшіп, сонда бірнеше ән жазып, тыңдаған адамды елітіп жүрді. Мамыржанның әуендерінің табиғилығы сонша, осы аймақтың азаматтары оған бірнеше рет демеушілік ұсынған. Бірақ демеушілердің қойған шарты сол - ол композицияларды қытай тілінде орындау керек болды. Мамыр бұдан бас тартқан соң, бірер айдан кейін, оның әуендеріне продюсер Робин Халлердің көңілі ауып, ақыры ол Лондоннан бір шығады. RealWorld Records студиясында альбом жаздырып, Еуропа халқын тәнті етті. 

mamer

Лондон журналистеріне берген сұхбатында: "Қазақтың салт-дәстүрлері көшпенді өмірдің әсерінен пайда болған. Тіпті музыкасы да. Даланың қасиеті сол - адамға жан тыныштығын сыйлайды. Осы тыныштықтан нәр алған бабаларымыз осындай әуендерді шығара білген. Қала өмірі нағыз тыныштықты сыйлай алмайтын болғандықтан, мен жылына екі рет жайлауға барып, сол жақтың атмосферасын сезінуге тырысамын. Жергілікті қариялардың әңгімесін тыңдаймын", - деді.

Шынында Мамырдың музыкалары қазақы рух пен қазақы жүректің ноталарын дәл басатындай. Әр қазақтың жүрегін баурап алары сөзсіз. 

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас

Дос болғанмен қош болмас

Екі жақсы дос болмас

Дос болса түбі бос болмас, - деп қазақтың қара өлеңдерін әнмен көмкеріп, қазақ дүниетанымын әлемге паш етіп жүр.

Mamer-дің бірнеше композициясын мына жерден тыңдай аласыздар: MAMER

сурет: lailai.ru, musicdish.com

2574 4
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 17 сәуір 2012, 15:50
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 16:57

Қалай әдемі айтады! Керемет :)

+0
17 сәуір 2012, 17:15

Былтыр торрентардан қазақ әндерін іздеп отырып осы әншінің әндерін тауып, көшіріп алған едім. Өте жақсы салады. Әсіресе қара өлеңдер. Сол жолы осы азамат туралы ғаламтордан деректер тауып оқып едім. Елімізді әлемге танытып жүрген қарагөздеріміз көп бола берсін деп қуанып қалдым. Қазақ қай ерде жүрсе де қазақ болып қалары анық. Осы деретерді танмал массагетте жұрт назарына ұсынған авторға мың алғыс.
Сосын Синцзян-Шыңжаң, Пекин-Бейжің деп айтылып қалыптасып келе жатқанын ескере жүрген жөн.

+0
17 сәуір 2012, 17:15

мен үшін бүгінгі жаңалық, керемет!

+0
17 сәуір 2012, 17:37

онша емес қой музыкасы :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...