Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер

Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер

Алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, назарларыңызға Тәуелсіздік, еркіндік туралы ойшылдар айтқан орамды ойларды ұсынамыз. 

• Қоршаған орта бізді істегіміз келмеген нәрсені жасауға итермелейді. Тек өте аз адамдар тобы ғана стереотипті жеңуге қауқарлы. (Белгісіз автор)

• Ағысқа қарсы жүзгенде ғана еркін ойдың не екенін түсінесің. (Белгісіз автор)

• Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау. (Габриэль Лауб)

• Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған. (Спартак)

• Кейде тәуелсіз ой біз ұйықтап жатқанда оянады. (Леонид С.Сухоруков)

• Біз Италияны құрадық, енді италиялықтарды жасап шығарайықшы. (Камилло Кавур)

• Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады. (Георгий Александров) 

• Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған. (Люк де Копье Вовенарг)

• Нағыз еркіндік – жалғыз қалу. Сол кезде ғана ешкімге тәуелді болмайсың, саған да ешкім тәуелді болмайды. (Белгісіз автор)

• Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты. (Цицерон)

• Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. (Әлихан Бөкейханов)

• Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. (Нұрсұлтан Назарбаев)

М. Оңғарова