Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Серпер" кімдерді серпілтті?

"Серпер" кімдерді серпілтті?

2013 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Жастар Одағы жыл сайынғы дәстүрмен "Серпер" жастар сыйлығының лауреаттарын анықтады. Шығармашылықтың жан-жағында талантымен көзге түсіп жүрген маман иелеріне берілетін бұл сыйлық биыл да өнер мен басқа да салада көшбасшыларды анықтады. Біз "Серпермен" қанжығасын майлаған сыйлық иегерлерін сөзге тарттық.

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, журналист Қанат Әуесбай:

«Шалғайда жүріп, елге сағынышты сезінгенде Қазақстан Жастар Одағының бұл сыйлығы әлдебір шаттық пен шабыт сыйлағаны рас. Мен бұған бір философиялық тұрғыдан қарадым. Адамда өзінің дербес мемлекеті болуы бір бақыт та, сол мемлекеттің марапатына ие болуды да (сөзім қаншалықты пафосты естілсе де) өзінше бір бақыт санаймын. Орайы келгенде «Массагет» сайты арқылы бұл сыйлығымды халықаралық «Болашақ» Президент стипендиясының 20 жылдығына арнайтынымды жеткізгім келеді. Конкурсанттарды қараған комиссия мүшелері менің телевизия журналисі бола жүріп, тәжірибемді студенттермен бөліскен университет оқытушысы екенімді де ескерген екен. Түйіндей айтсам, Британияда жүргенде бір күнде естіген екі жаңалық үшін қуанышым шексіз. Біріншісі, бұдан былай «Болашақ» бағдарламасы арқылы журналистер де тағылымдамадан өте алатыны туралы мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Құлмұхаммед жеткізсе, екіншісін, осы сыйлық алғаным туралы фейсбуктағы достарым сүйіншіледі. Мен сыйлық туралы тағы мынадай ойды айтқым келеді. Кей адам сыйлық алып жатсаң, «Атаққұмар емессің бе?» деп сауал тастап жатады. Ол қате түсінік. Сыйлық деген сенің шығармашылық жетістіктерінің таразысы іспеттес. «Неге қол жеттім?», «Не тындырдым?» деген сауалға сыйлық жауап бере алады. Әрине, тағы бір кісілер «Сыйлықсыз да сыйлымын. Менің бағамды халық беріп қойған» деп көлгірсиді. Әрине, өзіне солай ұнаса, бұлай деуге өз еркі ғой. Дегенмен, бірнеше жыл өткен соң, кейін өзіңнің ұрпақтарына, жалпы келер ұрпаққа елде едәуір жетістікке жеткеніңді қалай дәлелдейсің? Сол кезде алған марапаттарыңды көрсетсең ғана дәлелдей аласың. Сондықтан бұл айғақ дегім келеді»

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, тілші Мәншүк Бекбосын:

«Алматы ақшамы» газетінің тілшісімін. Биыл шаһардың шырағы, көзі мен құлағы саналатын «Алматы ақшамы» газетіне 25 жыл толып отыр. Менің «Серпер» сыйлығының лауреаты атануым осы мерейлі күнмен тұспа-тұс келіп отыр. Меніңше, бұл сыйлық тек маған ғана емес, бүкіл «Алматы ақшамы» басылымының ұжымына берілген марапат деп ойлаймын. Сонымен қатар, осы сыйлыққа мені лайық деп танып, «ақшамның» атынан «Серпер» сыйлығына құжаттарымды тапсыруының өзі мен үшін үлкен құрмет. «Серпер» сыйлығының лауреаты атануыма бұл сыйлықты алғаным менің лайықты екенімнің көрсеткіші шығар. Бұл марапат «серпеліктерге» болашақта айтарлықтай серпін, жаңа тыныс береді деген сенімдемін"

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Бауыржан Әліқожа: 

«Бұл сыйлық кезінде Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз мәдениет, әдебиет саласындағы талантты жастарды қолдауға арналған бастамасы еді. Бүгінге дейін бұл сыйлық жалғасып келеді. Біздің шығармашылығымыз да еленіп жатса еңбегіміздің бағаланғаны деп білемін. Былтыр ғана «Айтұма» деген атпен тұңғыш жыр жинағым жарық көрген болатын. Бұл менің поэзиядағы тырнақалды туындым. Бағасын алып, ақын ағаларымыз да оқып жатса қуаныштымыз. Қазылар алқасы осы азды-көпті жазғанымызды ескерген шығар»

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, актриса (Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры) Аида Жантілеуова:

«Өзімді осы сыйлыққа лайық санаймын. Менің жоғары жақта отырған ешқандай да ағам не көңілдесім жоқ. Мені мұндай үлкен сыйлыққа жеткізген өзімнің еңбегім және ойнап  шыққан рөлдерім. Осы жылдың маусым айында Астанаға гастрольдік сапармен барып, «Ай-Қарагөз» спектаклін қойдық. Менің сомдаған рөліме тәнті болған мәдениет министрі мен премьер-министрлер сол кезде-ақ осы сыйлыққа лайық екендігімді айтқан болатын» 

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, журналист Динара Мыңжасарқызы:

азіргі таңда журналистер ең құқығы қорғалмаған топқа жатады. Жеңілдіктің бәрінен құралақан. Әйтеуір журналистика саласында жүргендіктен еңбегінің еленгенін кім қаламасын? Мәселе сыйлықта емес екенін баса айтқым келеді. Бұл да болса адамға стимул беретін сияқты. Бұл сыйлыққа лайықпын ба, жоқ па, оны осы уақытқа дейінгі газет бетіндегі мақалаларым растайтын шығар. Ал, бірақ қашан да халықтың мұңын жоқтайтын журналистерге де қолдау-қолпаштау керек"

2013 жылғы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, актриса (Маңғыстау облыстық Н. Жантөрин атындағы музыкалы драма театры) Бану Манкеева:

"Маған да "Серпер" сыйлығы ұсынылыпты. Демек халық өз бағасын берді деген сөз. Еңбекпен келетін зат әрқашан да бағалануы керек. Өте қуанышты екенімді жасырмаймын. Біздің зал үнемі көрермендерге толы болады. Бұл да үлкен жетістік. Театр – мәңгілік! Бізге баға беретін халық болған соң, біз де көрерменді қуанта беруден жалықпаймыз"

Сұхбаттасқан: Ақерке Әбілхан

Суреттер жастардың жеке мұрағатынан алынды

5034 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 қараша 2013, 17:46
Пікірлер
+0
14 қараша 2013, 18:11

Айда Жантілеуованы бұл сыйлыққа әбден лайық деп білемін!

+0
14 қараша 2013, 23:16

бул не :?

+0
14 қараша 2013, 23:27

Серперде неге блогер деген бөлім жоқ? Олар да жазады, олар да шығармашылық адамы ғой. Егер блогер-жазушы деген сыйлық болса массагетте көп адам үміткер болатын сияқты

+0
15 қараша 2013, 01:14

Е, дұрыс бопты!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...