Қара шаңырақтың қос актері "Серпер" лауреаты атанды

Қара шаңырақтың қос актері "Серпер" лауреаты атанды

"Серпер" сыйлығы – өзінің шығармашылығы туралы мәлімдеген және елі үшін қызмет етіп жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған сыйлық болып табылады және түрлі шығармашылық салада талантымен танылған жастарға екі жылда бір беріліп тұрады. 45 жылдан астам тарихы бар бұл сыйлық негізінен, әдебиет, журна­листи­ка, өнер, ғылым саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып жүрген жастарды қамтиды.

Сыйлық алғаш рет 1967 жылы Қазақстан Жастар одағының сол кездегі бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен тағайындалғаны «Серпердің» биік мәртебесін аңғартса керек. Кезінде «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы» делінген бұл сыйлық еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін «Серпер» деген жаңаша атауға ие болды.

М. Әуезов атындағы қазақ Мемлектеттік Академиялық драма театрының қос актері "Серпер" сыйлығының 2013 лауреаты атанды. Олар: Еркебұлан Дайыров және Алмас Шаяхметов.

1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «музыкалық драма актері» мамандығы бойынша оқып-бітірді. 2006 жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобында қызмет етіп жүр.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында»  Айдар  (реж.Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Айтбай (сахналық нұсқасы. Н.Оразалин, реж.Ә.Рахимов), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бүркіт (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жантық (реж.Қ.Сүгірбеков), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол, Д.Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н.Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О.Кенебаев), «Жау жүрегінде» Балуан Шолақ («Балуан Шолақ» реж. Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Ғазиз (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?...» қойылымында Абай (реж.О.Кенебаев), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Сағын (реж.Н.Жақыпбай), Т.Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» драмасында журналист (реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтанында» Қалауын (реж.Ю.Ханинго-Бекназар)т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Меркуцио (реж.О.Салимов), Гогольдің «Үйленуінде» Подколесин (реж.В.Захаров), Ү.Ғаджыбековтің «Аршын мал аланында» Сулейман (реж. Т.Әл-Тарази), М.Кәрімнің «Күнаһарында» Диуана (реж.О.Кенебаев) т.б.

Кинорольдері: М.Бидосовтың«Темір тау көктемі» фильмінде Ораз, Ж.Пошановтың «Парыз» телесериалында Талап, А.Сахамановтың «Тағдыр» телесериалында Айдар. Е. Дайыровтың "Бауыржан Момыш" ұлы фильімнде батырдың рөлім сомдайтындығын хабарлаған болатынбыз.

1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнеракадемиясына оқуғатүскен. 2 курстаоқыпжүріп, 2006ж. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. Өнер Академиясын 2008 жылы музыкалық драма актері мамандығы бойынша бітірді.

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж.Х.Әмір-Темір),«Абайында» Айдар (реж.Е.Обаев), Д.Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж.Н.Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О.Кенебаев), «Жау жүрегінде» Сүтемген («Балуан Шолақ», реж. Е.Обаев), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы (реж. Ә.Рахимов), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Сабырдың жастық шағы (реж. О.Кенебаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Түркмен (реж. О.Кенебаев), И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Дастан (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), Ә.Рахимовтың «Шәкәрімінде» үшінші (реж.Ә.Рахимов) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: М.Кәрімнің «Күнәһарында» Ақжігіт (реж. О.Кенебаев), Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Балтазар (реж. О.Салимов), т.б.

Кинорольдері: «Менің күнәлі періштем» (реж.Т.Теменов), «Жау жүрек мың бала» (реж.А.Сатай).

Аталмыш сыйлықтың 2013 жылғы иегерлерінің толық тізімі төмендегідей:

Абылай Тілепбергенов

Аида Жантілеуов

Алмас Шаяхметов

Әсел Садуақасов

Асылхан Төлепов

Аян Өтепберген

Әлия Әнуарбек

Әсет Иманғалиев

Бақытжан Омаров

Бану Манкеева

Бауыржан Әліқожа

Бауыржан Ордин

Дана Коңырова

Дархан Бейсенбекұлы

Динара Әбікеева

Динара Мыңжасарқызы

Еркебұлан Дайыров

Қанағат Әбілқайыр

Қанат Әуесбай

Құралай Анарбекова

Мәншүк Бекбосын

Олжас Қасымов

Барлық лауреаттарды шын жүректен құттықтаймыз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: teatr-auezov.kz, geolocation.ws