Twitter-дегі оқырманы ең көп әнші кім?

Twitter-дегі оқырманы ең көп әнші кім?

Кэти Перри - твиттердегі ең танымал әнші. Қараша күндері әнші өмірінде ерекше қуаныш орын алуда: @katyperry аккаунты қолданушыларының саны 46 509 000 оқырманға жеткен.

Бұған дейін көш басында Джастин Бибер болып келген. @justinbieber аккаунты әлемге әйгілі Леди Гаганы артта қалдырып, 2013 жылы көш тізгінін ұстап келіп еді.

Бүгінде Твиттердегі "Biliebers" қолданушыларының саны 46 493 000 оқырманды құрайды. Статистикаға сенсек, Кэтиге қарағанда Джастиннің көп ретвит алатыны анықталған.

Қазақ әншілерінен кім болды екен?

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: examiner.com