Майкл Джексонның халықтан жасырған ұлы бар екен

Майкл Джексонның халықтан жасырған ұлы бар екен

"Аты аңызға айналған жұлдыздың халықтан жасырып жүрген ұлы бар" деген қауесет сөз расталды. Омер Майкл Джексон қайтыс болған күнге дейін Лос-Анджелес қаласында ДНҚ жасатып, расымен де, поп королінің ұлы екендігін дәлелдемек болған екен.

Отбасының бір мүшесі ме?

7 шілде күні Лос-Анджелесте өткен жиында Ребби, Джанет, Ренди, Тито, Марлон, Джеки және Джерменмен қатар отырды. Егер Майклдың ұлы екендігі анықталатын болса, отбасындағы балалардың үлкені болғаны. 1984 жылы Майкл жақын достарының біріне Норвегия елінде жүргенінде бейтаныс әйелмен бірге болғандығын айтқан. Ол әйелдің есімі – Пиа.

Джексонның қайтыс болғанын білген Пиа «Әлем үшін поп королі болса, біз үшін оның мәртебесі одан да жоғары еді» дейді. Оның пәкістандық күйеуі Риз Омердің Джексонды шығарып салу кешінде болғандығын мойындап отыр. Оны теледидардан көрген өгей әкесі Пиаға «Уайымдама ол міндетті түрде журналистердің көзіне түсіп, Джексонның баласы екендігі расталады» деген.

«Оның биологиялық әкесі, расымен де, Майкл ма?» деген сұраққа «Бұл жайында не ойласаңыздар да өздеріңіз біліңіздер. Мен ешнәрсе айта алмаймын», - деп жауап қайтарған. Әлем Омердің бар екендігін 2003 жылы Dateline бағдарламасынан көрген еді. Ол жерде 1998 жылы Майкл Джексоннан сыйлықтар алып жатқан сәті бейнеленген бейнебаян көрсетіледі. Мұнымен қатар, Омер ата-анасымен бірге Майклдың үйіне жиі қонаққа баратын болған.


Бұл жағдайды Омердің Майкл Джексонды би билеп таңғалдыруымен түсіндірген. Бұдан өзге Fox News журналында Майкл достарына әке болғандығын хабарлап жүр деген ақпарат тарайды. Алайда бұл ақпарат жұртшылықтың тарапынан қолдау таппады.

Омер үнемі Майклмен бірге суреттерге түсіп, оның кішкене көшірмесіндей көзге түскен. Бхаттидің ата-анасы Ослодан Калифорнияға көшіп, Майкл Джексонның үйіне қызметке тұрған. Бұл үйде Омердің анасы Пия Майклдың үлкен ұлының тәрбиешісі, әкесі Риз көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген.


Майкл Джексон соңғы студиялық альбомын Омердің жан досы Бенджамин Хермансенге арнаған. Оның тегі африкандық болған үшін ұлтшылдар өлтіріп кеткен деген дерек бар.

Отбасының жәй ғана досы ма?

Ең алғаш Майкл баласымен 1996 жылы Тунис қонақүйлерінің бірінде кездесіп, суретке түскен болатын. Бұдан кейін екеуі 2003 жылы Майкл емделіп жатқан ауруханада бірге суретке түскен. Омер 2003 жылы Майклге педофил деп айып тағылған кезде Neverland жеке қонысында бірге болған. Осы жағдайды Омер былай түсіндіреді: «Бұл бір ақылға сыймайтын оқиға болды. Жеке қонысында жүргенімізде Санта-Барбара қаласының департаментінен бір топ полиция қызметкерлері келген еді. Олардың не үшін келгендігін де білмедік. Ол уақытта Майкл үйде жоқ болатын».


Бхатти отбасы Норвегияға қайтып оралғанына қарамастан, Омер Майклмен соңғы жылдары қатты араласқандығын айтады. «Мен үшін өмірдегі басты нәрсе – адалдық. Мен Майклға деген адалдығымның арқасында ғана Майклмен тіл табысып, жанында бірге жүрмін. Ол теңдесі жоқ мейірімді жан», - дейді Омер.


Кезінде Омер Майклды ерекше костюмы мен билерін айнытпай қайталап, таңғалдырған екен.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай