Бекхэм "Букингем Сарайын" сатуға бел буды

Бекхэм "Букингем Сарайын" сатуға бел буды

Дэвид пен Виктория Бекхэмдер Лондонның солтүстік бөлігінде жатқан «Букингем Сарайы» атанып кеткен өздерінің салтанатты үйлерін сатуға бел буып отырған көрінеді. 

Отбасы бұл үйде 14 жыл бойына тұрып келіпті және үш баланы өсіріп шыққан, деп хабарлайды Bolarosa.

Хабарланғандай, Бекхэмдер әулеті көшіп барғалы отырған жаңа үй де Лондонның солтүстігінен орын теппек. Жаңа үйдің жалпы құны 53.3 млн фунтқа түспек екен. 

Естеріңізге сала отырсақ, Бекхэм өткен маусымда футболдағы мансап жолын аяқтаған болатын. Әйгілі футбол жұлдызы француздың "ПСЖ" командасында өнер көрсетіп келіп еді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: bolarosa.com

Л. Лига