Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Том Хэнкс қант диабетімен ауырады

Том Хэнкс қант диабетімен ауырады

Том Хэнкс қант диабетімен ауырады

Голливудтық актер Том Хэнкс телеарна эфирінде екінші дәрежелі қант диабетімен ауыратынын жеткізді. Дэвид Леттерманның бағдарламасында актердің ауруы сөз етілді, деп хабарлайды USA Today газеті. 

Актердің айтуынша, қанда қант мөлшерімен алысып келе жатқанына 36 жылдың жүзі болыпты (бүгінде 57 жасқа толып жатыр). Хэнкс көрермендердің дүрлікпеуі үшін аурудың бақылауда екенін жеткізген. 

"Ертелі-кеш бізді бір нәрсенің өлтірері анық, Дейв"  - деп философиялық түр-реңкте тележүргізушіге бұрылыпты. 

Актердің сөзіне сенсек, дәрігерлер аурудың алдын алуға болатынын, бірақ ол үшін арықтау керектігін яғни мектеп кезіндегі салмақты ұстауы тиіс екендігін кеңес еткен. Хэнкс арада салмақ тастап үлгергенмен, ол да аздық еткен көрінеді. 

Том Хэнкс «Форрест Гамп», «Терминал» секілді кинолармен аты шыққан актер. "Форрест Гамп" және "Филадельфия" картиналарындағы басты рөлде ойнағаны үшін «Оскар» сыйлығына лайықталған. 

Қант диабеті  — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: ria.ru 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 қазан 2013, 12:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.