"Қуылған" Мақпал Исабекова

"Қуылған" Мақпал Исабекова

Соңғы кездері Дильназ Ахмадиева шағын қойылымда ойнап, Әнел Аринова «Городские легенды» телехикаяларына түсіп кино әлемінде бағын сынап жүр. Әріптестерінің қатарынан қалмаған Мақпал Исабекова да фильмге түсті.

Мақпалдың ерекшелігі бұл іске білек сыбана кірісіп, ЖОО-ның театр бөлімінде арнайы оқуы. Оқу барысында бір емес бірнеше қойылымда ойнап, тәжірибе жинақтаған әнші бұл саланы жақсы меңгерген. Әртіс өнерінің қыр-сырын меңгеріп алған Мақпал артынша толық метражды фильмге түсті. Алғашқы рөлін күзде жарыққа шығатын "Қуылған" («Загнанная») фильмінен көре аласыздар. Мұнымен қатар әншінің орындауындағы «Сағындым» әні фильмнің саундтрегі болды.

Әнші журналистерге фильмнің құпияларын айтып бөлісті. Оның айтуынша, бұл фильм боевик пен драма жанрын еске түсіретін лирикалық комедия. Басты кейіпкер өмірдің түрлі соқпақтарына тап болып, нәтижесінде оларды жеңіп, үлкен жетістіктерге жетеді. Мақпал Исабекова бұл фильмге ешбір ақша талап етпестен түсіп жатыр.

Мақпалдың жанкүйерлері екі кеменің басын қатар ұстауына тілектес. Әзірге білетініміз Мақпал фильмге түсумен қатар жаңа әндер жазуды тоқтатқан жоқ.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: sezon.kz

Қ. Бүйенбай