Қазақстандық ең сымбатты отыз сері

Қазақстандық ең сымбатты отыз сері

Тop-antropos.com сайты жақында ғана қазақстандық танымал ер азаматтар ішінен ең сымбаттыларын тізіп шықты. 

Үздіктер халықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Қазақстандықтардың көбінің ойынша, еліміздің ең сымбатты ер азаматы атағына таэквонда чемпионы, Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» кинофильмінің Сартайы – Асылхан Төлеповті лайық деп тапқан.

Асылхан Төлепов

Ал екінші және үшінші орындар продюсер Арман Давлетяров пен жиырма жеті жастағы актер Санжар Мәдиевке бұйырған.

Арман Давлетяров

Санжар Мәдиев


Ал тізімнің төртінші тізгіні алты жыл бойы Қазақстанның үздік футболшысы атанып келген Самат Смақовтың қолында.

Самат Смақов


Отандық киноөндірісте көп бой көрсететін сымбатты актер Берік Айтжан да бұл тізімнің алдыңғы қатарында. Ол футболшы Саматтан кейінгі орынға, яғни бесінші орынға жайғасқан.

Берік Айтжан


Ал Беріктің «Ағайындылардағы» «інісі» Нұрлан Әлімжан да сұлулық пен сымбаттылық тұрғысынан «ағасының» қасынан ажырамай, алтыншы орынға келіп қонақтаған.

Нұрлан Әлімжан


Ал киелі де қасиетті жеті саны әнші Сәкен Майғазиевке бұйырыпты.

Сәкен Майғазиев


Айтпақшы, қазақстандық тыңдарман сүйікті әншілері Қайрат Нұртасты да бұл тізімнен көргісі келіп, оны сегізінші орынға жайғастырыпты.

Қайрат Нұртас


Шығыс Қазақстан облысының тележүргізушісі Диас Әзімжанов тоғызыншы орында тұрақтаса, актер Дастен Шәкіров сымбатты серілердің ондығын аяқтайды.

Диас Әзімжанов


Дастен Шәкіров


Әттең-ай, соңғы кездері түрлі бәйгемен қанжығасын майлап жүрген әнші апамыздың ұлы Әли Оқапов сұлулардың ондығынан кіре алмады. Әлиге әзірге он екінші орында отыра тұруға тура келеді.

Әли Оқапов


Жиырмалықтан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті, журналист Әлішер Елікбаевты, актер Саят Исембаевты, опера әншісі Әлібек Дінішев пен әнші Қайрат Түнтековтерді байқауға болады.

Қазақстандық дауыс берушілер мінсіз сұлулық иесі атына актер Асанәлі Әшімов (жиырма үшінші орын) пен саясаткер Болат Әбіловті (жиырма жетінші орын) лайық деп тапқан.

Отандық отыз сымбатты ер-азаматтарды анықтағын қызықты тізімнің ең соңына әнші Бүркіт жайғасыпты.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: info-altai.ru, celebrities.kz, kerbez.wordpress.com, mixer.kz, muslib.ru,kino-teatr.ru, tv-creative.kz, yvision.kz

А. Әбілхан