Алматының қонағы - Антонио Бандерас

Алматының қонағы - Антонио Бандерас

Ел есінде Зорро ретінде танылған, Роберт Родригес, Педро Альмодовара сынды режисерлердің жұлдызы Антонио Бандерас 4 қазан күні Kaspibank бөлімшелерінің бірінде қызметке тұрады.   

«Біз сіздер үшін тағы не істей аламыз?» деп жар салған Kaspibank компаниясына шет елден қонақ келеді дегенді естіп, Алматы тұрғындары қалың ойда қалды. Әсіресе, жастар жағы Арманда Ассанте, Марка Дакаскос, Джонни Депп, Моника Белучи болулары мүмкін деп таласып жатты.

Өткен демалысты бұл құпияның сыры ашылды. Ол - Сильвестр Сталлоне ұсынған «Неудержимые» атты экшн жобада, артынша көп уақыт өтпей «Мачете убивает» фильмінде Грегорио Кортес есімді кейіпкерді ойнаған, испандық «Джастин и рыцари доблести» атты кинокартинада басты рөлдерді сомдаған Антонио Бандерас екен.

Қыздар жүрегін жаулаған Антонио Kaspibank-ке бір күнге қызметке тұруға келісімін берді. Бұл қызметінде бір күн бойы қазақстандықтарға депозит ашып беруге көмектеседі. Мұнымен қатар, голливудтық актер «Аяла» қайырымдылық қорына қаржылай көмек көрсетеді. Ол қаражаттың барлығы да балалар ауруханасына дәрі-дәрмек пен жаңа аппараттар алу үшін жұмсалады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: sezon.kz