Той эстафетасын Бибігүл Сүйіншәлина жалғастырды

Той эстафетасын Бибігүл Сүйіншәлина жалғастырды

Соңғы кезде еліміздегі шоу-бизнес жұлдыздары тұрмыс құрып, үйленуді жиілетті. Осы жолы той эстафетасын жас актриса Бибігүл Сүйіншәлина жалғастырды.

22 жасар актриса жастығына қарамастан әртістік мамандығында біраз жетістікке жеткен. Ол Егор Кончаловскийдің «Виртуалды махаббат», «Жүрегім менің — Астана» атты отандық фильмдерінде, ресейлік танымал «Громовтар» сериалында рөлдер сомдаған. Бұл аруды сондай-ақ танымал қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің "Пах-пах" бейнебаянынан байқаған боларсыз.

Жұмысында сәтті ару жеке өмірін де қалдырмай, жақында сүйіктісі Иван Бурмистровпен отау құрған екен. Қоғамдық желілердегі суреттерден жастардың махаббаты мен бақыты байқалып-ақ тұр. Бибігүлге жаңа өмірде бақыт тілейміз!

Бибігүл Сүйіншәлина мен Иван Бурмистров "Евразия" кинофестивалінде

Айта кетсек, соңғы бірнеше айда елімізде шоу-бизнесте танымал тұлғалар арасында тойлар жиілеп кетті. Жас актриса Аружан Жазылбекова қыркүйектің басында режиссер Ахат Ибраевпен отау құрса, "Ринго" тобының бірден екі орындаушысы да қалыспай, күздің басында той жасады.

Аянның тойында

Әділжан жары Иринамен

Ендігі кезек кімге бұйырар екен? 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларынан алынды

С. А