Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жарқын Түсіпбекұлы: "Жанкешті журналистер тобы қалыптасып келеді"

Жарқын Түсіпбекұлы: "Жанкешті журналистер тобы қалыптасып келеді"

Жарқын Түсіпбекұлы:

Aynaline.kz жастар сайтының Бас редакторы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі Жарқын Түсіпбекұлынан алған сұхбатымызды ұсынамыз. 

– Жарқын Түсіпбекұлы, ел алдында жүрген азамат болған соң естіп жатамыз, аз уақыт ішінде қатарынан бірнеше жұмыс орнын ауыстырып үлгердіңіз. Бұл тұрақсыздықтан ба, әлде сұраныстың көптігі ме?

– Иә, еңбек демалысын алмағаныма да үш жылдан асыпты. Тұрақты жұмыс істеген әрине жақсы. Бірақ мен журналистикадағы 6-7 жылдың ішінде расында біраз жерде: атап айтар болсам, күнделікті, апталық газеттерде, кейіннен телеарна мен радиода жұмыс істеппін. Мен өзіме эксперимент жасап жүрмін десем де болады. Жұмысқа жауапсыздықпен қарау менде болған емес. Сондықтан менің тұрақсыздығымның себебі жаман әдеттер емес. Сұраныс сіз ойлағандай көп емес. Бірақ барлық жерге мен тек шақырумен ғана барған екенмін.

– Журналистикада сіз су ішпеген құдық қалмапты деуге де болатындай. Қай бағытына бүйрегіңіз көбірек бұрып тұрады?

– Журналистика факультетін бітірмесем де, дәстүрлі БАҚ-тың барлық саласының қыр-сырын көрген сияқтымын. Енді міне, интернет саласында өзімді сынап көрмекке бел буып отырмын. Ақпарат құралдарының мәлімет тарату түрінде ғана өзгеріс бар демесеңіз, бәрі де бір терінің пұшпағын илеп келеді. Радиода отырып жасаған саяси сараптамамды газетте де жазып жүрдім. Немесе газетте алған сұхбатымды телеарнада жүргіздім дегендей... Теле-радио және басылым журналистері болып бөліну қай кезден нақты басталғанын білмеймін. Мен үшін бәрі журналист. Сол сияқты БАҚ салаларын да бөліп-жарғым келмейді. 

– Сайттардың саннан өтіп, енді сапаға жұмыс жасауы керек. Қазақ тілді электронды БАҚ қандай қадамдарға баруы қажет деп ойлайсыз?

– Қазір конвергентті журналистика мәселесі көтеріліп жатыр ғой. Біз біртіндеп болса да осы қадамға бара жатырмыз. Сапалы өнім жасау үшін қандай өндіріс түрі болмасын, барын салады. Дәл сол сияқты қызықты әрі жылдам ақпараттары бар сайттардың деңгейін халық өзі-ақ көтеріп әкетеді. Дәл қазір ақпаратты беру тәсілін көбейту маңыздырақ. Бұрынғыдай емес, қазір өзі видео түсіріп, фоторепортажын да әзірлеп, материалды жан-жақты етіп бере алатын әмбебап журналистер қалыптасып келеді. Олар – жанкешті журналистер. Осы ретте айта кетер бір жәйт – біздегі білім жүйесінің ескіріп қалғанын ескерсек екен. Заманға сай оқулықтар жазылып, жоғары оқу орындары жаңа пәндер енгізу қажет деп есептеймін. Сонда ғана әмбебап журналистердің шоғыры көбейіп, қазақтілді электронды БАҚ-тың сапасы арта түседі.

«Russia Today» телеарнасының студиясында 

– Жақында Ресей еліне іссапармен барып қайттыңыз. Ол жақтың журналистикасының жағдайы қалай екен?

– 2015 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттерінің басшылары деңгейіндегі кездесуі бауырлас Башқұртстан елінің астанасы Уфа қаласында өтеді. Сол саммитке дайындық жұмыстарын көрсету үшін 6 елдің журналистерін Ресей жағы шақырған болатын. Біз «Russia Today» телеарнасында болдық. Қазірдің өзінде бес тілде хабар таратып отырған RT Ұлыбритания рейтингісінде 4-5-орында келеді екен. Бұл деген үлкен көрсеткіш. Ал оған жету үшін қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Мәскеудегі жағдай осылай болғанымен, аймақтарында басқаша. Башқұртстан автономды республикасының телеарналарының өнімдері біздегі облыстық телеарналардың жұмысына келіңкірейді. Қызметкерлердің алатын жалақылары да төмендеу. Бізбен бірге Ресейдің миллионнан асқан қалаларының журналистері жүрді. Олардың кейбірі тіпті Орталық Азия мемлекеттерінің астаналарын білмей жатты. Ал өзбекстандық әріптестеріміздің айтуынша, олардың редакцияларында цензура бөлімі заңды түрде жұмыс істейді екен. Жалпы салыстырып қарағанда, қазақ журналистикасы ешкімнен кем емес. Журналистеріміздің деңгейі төмен деп төпелей бермей, жағдайын жасаса, кез келген дүниені жасауға қабілетіміз толық жететіне сенімдімін.

– Журналистика әлеміне ынтызар жас талапкерлерге берер кеңесіңіз.

– Тыңғылықты оқу тек журналистика саласында ғана емес, барлық жерде өзіңді дәлелдеуге мүмкіндік береді.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Жарқын Түсіпбекұлының жеке мұрағатынан 

1378 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 қазан 2013, 11:09
Пікірлер
+0
02 қазан 2013, 10:52

Жұмысқа тек шақыртумен баратын маман болу да оңай емес, еңбектің арқасында келетін мәртебе. Жалпы жақсы сұхбат. Айналайын.кз жұрттың қамын ойлаған, қазаққа қызмет ететін басылымға айналсын! Құтты болсын, Жәке, қадамың!

+0
02 қазан 2013, 11:43

Құтты болсын, жемісті болсын.

+0
03 қазан 2013, 18:01

Құтты болсын! Оқырмандарыңыз көп болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев