Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Битлз" бен "Дос-Мұқасан" қатар тұрады

"Битлз" бен "Дос-Мұқасан" қатар тұрады

Алматының жеті кереметінің бірі Көк-төбеде «Битлз» тобына арналған ескерткіштің бар екенін барлықтарыңыз білетін шығарсыздар. Ендігі сол ескерткіштің жанына отандық «Дос-Мұқасан» тобына арналған ескерткіш орнатылмақ. Биыл «Дос-Мұқасан» тобына 46 жыл толғандығын естеріңізге сала кетейік.

«Олардың қатты ұқсағанын қалаймыз. Бұл үшін арнайы Бақытбек Мұхамеджановты шақырдық. Оны бірнеше адам мақтап, ұсынған еді. «Дос-Мұқасан» тобының арнайы образдарын іздеп 2 жыл тер төкті. Бізден пресс-конференция болмай жатып, жобаның қашан іске асатындығын сұрап жатыр. Жобаның кішкене макетін алғашқылардың бірі болып көрген Мұрат аға: «Жас кезімде жейдем осындай болған ба!», - деп күлді. Ол кісілерге ұнағанына риза болдым», - дейді «Олимпионик» әлеуметтік қорының вице президенті Темірлан Төлегенов.

«Олимпионик» әлеуметтік қоры «Дос-Мұқасан» тобына арналған ескерткішке ақша жиналып жатқандығын хабарлайды. Әлеуметтік қордың ең алғашқы серіктесі АО «Qazaq Banki» болып отыр.

«Ең алдымен «Дос-Мұқасан» тобының тарихымен танысып, киім киюлерін зерттей бастадым. Артынша жаңа идеялар туып, қиялым қанаттана түсті. Мүшелерімен таныс болмасам да, бала күнімнен жанкүйермін осы топқа. Ал осы жұмысты бастағалы "Дос-Мұқасандықтармен" арнайы таныстым. Танысқаннан кейін жұмысым жеңілдей түсті», - дейді әйгілі мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

«Дос-Мұқасан» – 1967 жылы Алматыда Қазақ политехникалық институтының студенттері құрған вокалдық-аспаптық ансамбль. Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов топтың ең бірінші әншілері болды. Ансамбльдің атауы есімдердің басқы әріптерінің қысқаруынан алынған: «Дос» - Досым Сүлеев, «Мұ» — Мұрат Құсайынов, «Қа» — Қамит Санбаев, «Сан» — Саня (Александр) Литвинов. Артынша топқа Шәріп Омаров, Бақыт Жұмаділов, Нұртас Құсайынов, Құрманай Омарова, Асқар Жанкушуков қосылды.

Осыған дейін Павлодар қаласындағы Сұлтанмахмұт  Торайғыров атындағы ЖОО-ның территориясына «Дос-Мұқасан» тобының мүсіндері орнатылып,  артынша келеңсіз оқиғаларға байланысты алынып тасталды.

«Дос-Мұқасан» - аты аңызға айналған ансамбль.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: сезон.кз

7600 10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2013, 16:52
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2013, 20:53

Осы екі топқа ырза боламын.Еш қашанда ажырамайды.Бастысы бірлік,татулық пен ұйымшылдық болса болды.

+0
28 қыркүйек 2013, 23:19

жақсы идея

+0
29 қыркүйек 2013, 00:40

Көк-төбенің символына айналатын болды )

+0
29 қыркүйек 2013, 09:47

біздің дос мұқасан да битлздан еш кем емес)дұрыс

+0
29 қыркүйек 2013, 20:13

Уот, енді бастары істеді! Баяғыдан сүйту керегеді!

+0
29 қыркүйек 2013, 22:05

Қазақ /Қазақстан /эстрадасының атасы.

+0
30 қыркүйек 2013, 14:52

Құптарлық!..

+0
01 қазан 2013, 09:05

Керемет!

+0
01 қазан 2013, 16:15

Қазақтар ұйқыдан енді ояна бастады.

+0
26 мамыр, 10:44

Бұл ескерткіштер қайда қазір?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев