Қазақстандық әншінің жаңа смартфоны

Қазақстандық әншінің жаңа смартфоны

Қазақстандық танымал жұлдыздардың арасында белгілі бір марканы таныстыратын ресми тұлға болу сәнге айналып бара жатқандай. Мәселен, Лидоның Nikon-ы бар, Асел Сағатованың Avon-ы бар, ал эстрада әншісі Роза Рымбаева Италия сән үйінің брендіне айналып үлгерді. Өз замандастарының соңынан Луина да ілесуді жөн көріп, LG G2 жаңа смартфонын таныстыратын ресми тұлға болуды шешті.

LG G2 смартфонының ауқымды таныстырылымы өтпей жатып, әнші жаңа өнімді мақтаған болатын, артынан өзі сол смартфонның ресми тұлғасы болатындығы жөнінде хабар тарай бастады.

Компания Луинаның қатысуымен жарнамалар түсірілімін бастап та кетті. Жоспар бойынша әнші велосипед теуіп, телефон қабын таңдайтын болады.

Луина әртүрлі образда көрінеді: кішкентай қара көйлекте және кэжуал стилінде... Бар құпияның алдын-ала жарияланғаны ешкімге де абырой әпермесі анық. Сондықтан да, қалған ерекшеліктерді өздеріңіз жарнамадан көретін боласыздар.

Луина мен смартфонның хикаяларын суретке түсіру танымал әрі талантты фотогроф Данил Олейникке тапсырылды. Ол бүгінде бір ғана журналмен емес, баспасөздің бірнеше түрінде жемісті жұмыстар атқарып жүр.

Айта кетейік, ешбір телевизиялық жарнамасыз, тек интернет арқылы дегенін жасай білген әнші қызымыз үшін бұл маусым өте жемісті болды. Ол қазір қызу еңбек үстінде: ән жазу, бейнебаян түсіру жұмыстары сәтті аяқталды, енді міне жарнамаға да кезек келіп жеткен екен. Бұл жолғы қолына алған ісі де сәттілікке толы болады деп сенеміз.

Сурет: season.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева