Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / М. Әуезов атындағы мұражайға 50 жыл толды

М. Әуезов атындағы мұражайға 50 жыл толды

М. Әуезов атындағы мұражайға 50 жыл толды

Биыл дана халқымыздың дара перзенті, дариядай қазақ әдебиетінің дарынды қаламгері, кемеңгер ойшыл, ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 116 жыл, ал М. Әуезов атындағы мемориалдық мұражай-үйінің құрылғанына 50 жыл толып отыр. Екеуі де иісі қазақ үшін ерекше орны бар мейрейтой саналады.

Бүгінгі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен өткен салтанатты мәжіліс те дәл осы айтулы рухани мерейтойдың құрметіне арналып отыр. 

Жиынға халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, шығыстанушы Әбсаттар Дербісәлі, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Дияр Қонаев, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы Берік Шаханов,  қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, асылдың тұяғы, алтынның қанаты Мұрат Әуезов және қазақстандық белгілі ғалымдармен бірге АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Татарстан, Қырғызстан сынды алыс-жақын шет елдердің өкілдері мен жетекші ғалымдары шақырылған.

Осындай әдебиеттанушы, лингвист, мәдениеттанушы, тарихшы, мұражайтанушы мамандардың қатысуымен өткен басқосуда "Әуезов үйінің" құрылу тарихы, бүгінгі жағдайы, келешегі және М. Әуезовтың шығармашылығына қатысты өзекті мәселелер қозғалып, ыстық тілектер айтылды, алғыс хаттар табыс етілді.

Уәлихан Қалижанұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:


"Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың данагөйі, қаламгері, суретшісі. Оның соңғы 10 жыл өмір сүрген үйінде мұражай ашылған. Мұражайдың басқа қарапайым мұражайлар үйінен ерекшелігі бар. Бұлай дейтініміз, бұл тек қана мұражай емес, онда М. Әуеовтың кітаптары және басқа да шығармашылық мұралары қойылып, ол жерде ғылыми жұмыстар да атқарылады. Осы үйде атқарылған жұмыстар менің ойымша, ауыз толтырып айтарлық қуаныш әкеледі. Біз академиялық жинақтар шығарып жатырмыз. Биыл мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхамедтің көмегімен тағы да бірнеше томдық шығару жоспарланып отыр. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, мектептеріміздің өзінде Абайтану сабақтары өткізіле бастады. Сондықтан кітаптарды шығарып, ұлттық, қалалық, аудандық, ауылдық мектеп кітапханаларына жіберу өте қажет. Біздің жастарымыз Әуезовты тану арқылы қазақты таниды, патриоттық тәрбиені сіңіреді. М. Әуезов мұражайында жетпістен астам қолжазбалар бар, аудио, бейне таспалар бар, біз соларды қазір ұлттық мұрағатпен бірлесе отырып, заманауи дискілер шығарып қойдық. Әуезовтың шығармаларына зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр. Келер жылы тағы да бір зерттеу жинағын шығарғалы отырмыз. М. Әуезов мұражайы бүгінде үлкен рухани ордаға айналды. Осы мұражайдың фотоальбомын, буклеттер және жазушының өз қолтаңбасы бар шағын төсбелгі шығардық. Осының бәрі айналып келгенде, Әуезовты тану ғана емес, Әуезовты халқына жақындату болып табылады".

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым:


"... Мұражайда бір ерекше үндестік бар. Оның сақтайтыны, қорғайтыны қашанда құнды. Жаман мұражай ешқашан болмайды. Ол "адал бақан" секілді, ескіні, дараны сол қалпында сақтайды. Кітапхана қызметкерлері сынды мұражай қызметкерлері де ерекше жандар деп айтар едім. Біз жыл сайын осы мұражай-үйге келіп тұрамыз. Мұнда жазушы Әуезовтың болмысы сақталып қалған. Өзге адамдар да осы ұяға аяқ басқан сайын соған лайықты болуға талпынады, одан әрмен сыйлы бола түседі... Мерейтой құтты, Мұхтар Әуезов рухы қашанда биік болсын!"

Мерейтой бағдарламасы аясында қаламгер шығармашылық мұрасы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, мерейтой қонақтарына арналып Павлодар және Семей қаласындағы Абай мұражайының көрмесі қойылды.


Онда Абай Құанбайұлы тұтынған заттар, Абай өмір сүрген заманнан хабар беретін құнды жәдігерлер орналастырылған. 


Семей қаласы Абай мұражайының жетекші-ғылыми қызметкері М. Қайрабеваның айтуынша, соңғы кездері шетелдік жастардың да мұражайға деген қызығушылығы арта түскен. Қазақтың дана тұлғаларын таныту мақсатында "Абайды оқы, таңырқа", "Мұхтар мұрасы – адамзат байлығы" сынды әртүрлі байқаулар өткізіліп тұрады екен.

М. Әуезов  М. Төлебаев (№159) көшесіндегі көрінісі көз тартар осы бір екі қабатты үйде өмірінің соңғы 10 жылын өткізеді. Осы үйдегі жұмыс бөлмесінде жазушы әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясының соңғы нүктесін қойып, осы орайдағы көп жылдық көз майын тауысқан мәуелі еңбегін аяқтады. Сонымен бірге, мұнда көптеген пьесалар, очерктер, әдебиеттану саласындағы бірқатар ірі еңбектер өмірге жолдама алды. Жазушының соңғы романы «Өскен өркен» жазылды. Міне, осынау қастерлі үйде жарты ғасырдан бері қазақ әдебиеті классигінің мемориалдық мұражайы жұмыс істеп келеді.

Мұражайдың ашылуына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімін ел есінде мәңгі қалдыру туралы 1961 жылдың тамызында қабылданған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысы мұрындық болған. Ал 1963 жылдың 28 қарашасында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражай-үйі өз есігін алғашқы келушілеріне айқара ашады. Мұражайды жабдықтау жөніндегі негізгі жұмыстарға жазушының туған қызы Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова басшылық етті. Ол өз өмірінің соңғы 30 жылын осы мұражайдың ұйымдастырушылық қызметіне түгелдей арнады. 

"Әуезов үйі" – ұлттық игілігіміз, ұлттың рухани мәдениетінің болмыс-бейнесін паш ететін көне-тарихи ескерткіштеріміздің бірегейі. Лайым солай болсын деген тілек білдіреміз.

М.Әуезов меомориалдық мұражайы туралы толық фоторепортажымызды алдағы уақытта ұсынамыз. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: Айгерім Сматуллаева

9806 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2013, 19:18
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 19:27

Осы мұражайға бұрын студент кезімізде Самал Дәрібайұлы ағаймыз апарған. Мұражайға кіргеннен шыққанға дейін ерекше әсерде боласың... Біртүрлі Әуезов атамыз осы жаңа үстелінен тұрып, ана бөлмеге шай ішуге шығып кеткендей...

+0
28 қыркүйек 2013, 19:20

Ол кісі бізді де апарған еді, расымен де ерекше әсер аласың. Мен Мұхтар Әуезовтың үйін мүлдем басқаша елестеткен едім...

+0
29 қыркүйек 2013, 09:46

Мектеп кезінде барғанбыз, ішін ұмытып та қалыптым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...