Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Данышпандардың ессіз әрекеттері

Данышпандардың ессіз әрекеттері

Данышпандардың ессіз әрекеттері

Данышпандар ақылмен қоса, балалық мінездерін қатар алып жүреді. Олардан жай адамның ойына келмейтін іс-әрекеттерді күтуге болады. Кей жағдайларда кітабы емес, ессіз қылықтары жұрт арасында танымал болып жатады. Гоголь "Өлген жандар" кітабының екінші томын отқа жағып жіберсе, түсірілім алаңына мас болып келген Хантер Томпсон Джонни Дептің шашын кескен.

Бүгін өткен заман мен осы заман жазушыларының адам сенгісіз әрекетері туралы әңгімелейміз. Мұндай қылықтар тек жазушыларға ғана жарасатынын да біле жүріңіздер.

1. «Жазбаны қорламаңыз». Николай Гоголь Мәскеудегі үйінде отырып «Өлген жандар» кітабының екінші бөлімін пешке жағып жіберген. Қызметшісінің «Жазбаны қорламаңызшы» деген өтінішіне қарамастан, кітап толығымен өртелген.

2. «Өзімді атып, мүлт кеттім». Александр Дюма бәстесуден алдына жан салмайтын адам болған көрінеді. Сондай бәстерінің бірі дуэльмен аяқталады. Қатысушылар соттық жауапкершілік пен жазадан қашып, оңтайлы жолын табуға тырысады. Ақыры жеребе тастап, сәтсіз қағазды алған қатысушы өзін-өзі атуы керек болады. Қаралы қағаз Александр Дюмаға түсіп, ол көршілес бөлмеге шығып кетеді. Атылған мылтықтың дауысы шығып, артынша жазушы қатысушыларға жадырап күліп шығып келе жатады.

3. «Байқаусызда әйелім жазым болды». Уильям Берроуз мерекелік кештердің бірінде жұртты таңғалдырмақ болып, мергендікте алдына жан салмайтын Вильгельм Тепляның әрекетін қайталайды. Естеріңізде болса, Вильгельм баласының басына алма қойып, сол алмаға жебені дәлме-дәл тигізетін болған. Берроуз Джоан Воллмер есімді жарының басына стақан қойып, пистолетпен атады. Нәтижесінде басына тиген оқтан әйелі қайтыс болады.

4. «Қалжыңымды түсінбеді ме?». Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Мария Цветаеваны Татарстанға эвакуациялайды. Осы сапарға жиналып жатқанында көмектескен Борис Пастернак чемоданын жіппен жақсылап байлап: «Бұл жіп барлығын да көтереді, қажет болса, сені де» деп қалжыңдайды. Артынша Пастернакқа Марияның осы жіпке асылып қайтыс болғаны хабарланады.

5. «Бұл өмірге кометамен бірге келдім, о дүниеге де бірге қайтамын». 1835 жылы Жер шарын Галлея кометасы жанап өтті. Осы оқиғадан кейін 2 апта өтіп дүниеге Марк Твен келді. Жазушы өзінің бір жазбасында: «Бұл өмірге кометамен бірге келдім, о дүниеге сол кометамен бірге қайтамын» деген екен. Көп кешікпей, оның бұл айтқаны орындалды. 1921 жылы 21 сәуірде Жердің жанынан тағы да бір комета ұшып өткен кезде Твен қайтыс болады.

6. «Джонни Депті қорлау». Хантер Томпсон өзінің «Лас-Вегастағы кек пен қорқыныш» романы бойынша түсіріліп жатқан киноны арнайы бақылайды. Бас кейіпкер Раул Дюктің рөлін Джонни Депп сомдайды. Ішімдікке мас болып келген жазушы басының кей жерлерін жалтыратып Джонни Дептің шашын қиып тастаған.

7. «Кітабымды сатып алмасаңыз, дүкеннен шықпайсыз». «Аскеттік Ресей» утопиясының қос авторы Артем Сенаторов пен Олег Логвинов кітаптарының тұсаукесерінде дүкеннің есігін жауып алып: «Мына кітаптардың барлығын сатып алмайынша, ешкім де дүкеннен шықпайды» деп хабарлаған. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mirfactov.ru 

954 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 08 тамыз 2014, 11:00
Пікірлер
+0
08 тамыз 2014, 15:44

Цветаеваның әрекеті таң қалдырды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев