Жалқау салған портрет

Жалқау салған портрет

Одри Хепберн, Уолт Дисней секілді әйгілі жандардың реалистикалық портреттері қарабайыр шар текті қаламсаппен жазылуда.

Қарабайыр шар текті қаламсапты қолдана отырып британдық суретші Гарет Эдвардс Одри Хепберн, Уолт Дисней, Натали Портман жәнге Кэнди Токстон секілді әйгілі жандардың реалистикалық портреттерін тудыруда.

- Ерте күнде жалқау болғаным өз алдына, қарындаш ұштауға және күн соңында бояуларды орын-орнына қоюға да ерінер едім. Ақырында шар текті қалам қолыма келіп түсті, - деп құрал таңдаудағы сырын түсіндіреді Гарет Эдвардс, - Осы бір қаламсаптың қарапайымдылығына мектепте жүргенде назарым ауа бастады. Содан бері әр салған суретім қарапайым жұртты таңқалдыру жолында еңбек етіп келеді. Жұртшылыққа осының бәрі мына бір қарабайыр қаламсаппен дүние келгендігін жеткізу үшін, әйгілі жандардың тұлғасын соншалықты шынайы беруге тырысамын, - дейді сөз аяғында. 

Шынында да, британдық суретші салған әйгілі жандардың портреттері фотография әлеміне талас тудырары анық.

Суретші суретке 2-3 апта жұмсайды. Өз сөзімен айтсақ, саусақ сиқырынсыз-ақ небір өнер кереметтерін тудыруға болары хақ. Бірақ ақтық мәреге дейін адалдық таныта алу қажет екен.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: busia777.livejournal.com

Л. Лига