Скотч тудырған өнер

Скотч тудырған өнер

Осынау жабысқыш лента 1930 жылы қыркүйек айында бірінші рет қолданылған екен. Бүгінге дейін оның аты скотч болып, ел арасына кең таралып кетті.

Ең қажетті, ең арзан дүниенің жасаушысы – Ричард Дрю. Бұл өнертабыстың ойда-жоқ сәтте пайда болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Өнертабыс иесі бұл құралды әсілінде автокөліктерді әртүрлі түстерге түзулеп сырлау үшін жасаған болатын. Шебер болса, өз кезегінде скотчты қырқып алып, керекті жеріне ғана жабыстырса, үнемді болатынын байқаған. Ауыздан тараған аңыз бойынша, шебер сол орайда-ақ жапсырғыш қағаздың тез бітіп қалатынына көңілі көншімей: «Шотландық ленталарыңды алып кетіңдерші!» деп айғайлап жіберген-мыс. Сонда ғана «шотланд» сөзі бізге «скотч» болып келе қалыпты. Тағы бір қолданушы әлдененің бетін жауып, ағытылып кетпеу үшін пайдаланса, кейінде оның қызмет ауқымы біршама есе өсе түсті.

Жапсырғыш қағаздың өнерге қандай қатысы бар деп әлі де дүдәмал күйде отырған шығарсыз. Ендеше, скотчтан туған туындылармен таныс болыңыздар!

Марк Хайсман ең бір қарапайым скотч түрін пайдалана отырып, оған тағы шиша әйнектерін қосып суреттер салады екен. Сурет ұнамай қоймасы анық.

Адам келбеті, жиһаз, терезе – осының барлығын да өміріміздің қарапайым сюжеті деп қабылдауға қалай қарайсыздар? Дәл фотосуреттегідей етіп бейне сызудың әдісі де өзгерек.  

Ал суретшінің өзі болса, шишаға арнайы сызылған суретке скотч ленталарын өз ретімен жапсырып, көлеңкелерді дұрыс бағытта қоылуы керек дейді. Жарықтың түсуі мен физика заңдылықтарын сақтау да оңай іс емес. Бірақ автор өз ісін шебер орындайды. Мәселен, мына суреттегі есік алдында ойға батып тұрған әйелдің бейнесі көзтартарлықтай әдемі.

Кенеп орнына әйнек қолданылған, ал бояғыштар орнына скотч керек болған, бітті – сіз көріп отырған туынды дайын!

Скотчтан өнер тудырған шебер классикалық дүниелерді ұнататынын айтады және әрбір шығармашылығында да барлық затты өмірдегідей етіп тудыруға тырысады. Марк Хайсманның мақтаушылардың да, даттаушылардың да көңілінен шығып, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленген жеке көрмелері де өтіп үлгеріпті.

Ендеше, өз ісінің шебері, қарапайымнан тыңға өте алған қайталанбас өнертабушының онлайн-көрмесіне өтейік!

Ал бұл тек скотч қана ғой, есіңізде ме?

Дайындаған: Ерғали Ердос

Сурет: showbizdaily.ru

А. Құлтай