Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Роза Рымбаева ресейлік сайтпен соттасады

Роза Рымбаева ресейлік сайтпен соттасады

Роза Рымбаева ресейлік сайтпен соттасады

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Ресей сайттарының біріндегі өзіне қатысты жарнаманың Қазақстан аумағында көрсетілуіне қарсылық білдіруде. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына оның қорғаушысы Нұршат Турдиев хабарлады.

Әнші Роза Рымбаева туралы жарнамалар 2013 жылдың шілде айында пайда бола бастаған. Олар тұтынушыларға телефон арқылы және электронды адрестер арқылы кеңес беріп отырған. Интернет беттерін жаулаған суреттерде Роза Рымбаева арықтайтын құралдарды таныстырады. Осы іспетті жарнамалар жарияланған сәтте әншінің ұлы Әли Оқапов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне «Пираттық контент үшін анам сотқа жүгінбейді. Олардың қолынан тек суретті көшіріп алу ғана келетіні анық. Пайдаланушылар ақ-қарасын өздері-ақ ажырата жатар» деп мәлімдеген болатын. Алайда Р. Рымбаева таяуда қорғаушының көмегіне жүгінді.

«Қазір ол сайтты құрастырушы компанияны таптық. Тапсырыс алып, үшінші жақпен жазысатын электронды адрес қолда бар. Алайда, домен иесі жиі ауысады. Мекен-жай соңғы рет ақпан айында ауысқан. Бұл жағдай Қазақстанға ғана емес, Ресейге де кең тарап кетті. Көп адамдар мұндағы жарнамаға сенеді. Егер, Роза Қуанышқызы соңына дейін барамын деп шешім қабылдаса, бізде ашық әрекет ететін боламыз" - дейді Н. Турдиев.

Енді әнші Қазақстан Интернет ассоциациясына хабарласып, «жарнамашыл» сайттың Қазақстан аумағында қолданылуына шектеу қойғызбақшы екен.

Қазақстандық басқа да танымал жұлдыздар дәл осындай алаяқтықтың құрбаны болып отыр. Олардың арасында актриса, продюсер Баян Есентаева да бар.

Оның суреттері арықтау құралдарының жарнамасына ғана емес, "Күйеуіңді қалай қайтаруға болады?" деген тақырыптағы дисктердің сатылуы үшін пайдаланылған. Онда Баянның кеш тұрмысқа шыққандығы, күйеуінің өзінен әлдеқайда жас екендігі және біршама уақыттан кейін актрисаның отбасылық өмірінің шырқы бұзылып, некесін сақтап қалу үшін Интернет кеңестерін пайдаланғандығы жазылады. Хабарландырудың мәтінінде Баян: "Бір күні гипноздың әдістері туралы оқып, тапсырыс беруді жөн көрдім. 10 күннен кейін өмірім өзгере шықты" деп жазған.

Баян Есентаева бұл туралы естігенде жай ғана күлген. "Бұл барып тұрған ақымақтық, бәлкім біреулерге көмектесетін де шығар, бірақ, оқиғаны оқып отырып рақаттана күлкім келді" – дейді продюсер. Оның пікірінше, саналы адамдар мұндай жарнамаларға мән бермейді. Б. Есентаева әзірге Интернет әлемін шулатқысы келмейтіндігін, егер іс насырға шапса қажетті іс-шаралар қолданатындығын мәлімдеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz, tengrinews.kz,altaynews.kz

9800 14
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2013, 18:28
Пікірлер
+0
05 қыркүйек 2013, 18:50

жалпы сенетін дүние емес қой, сайт беттерінде жыбырлап тұратын ол жарнамаларға да көзіміз үйреніп кеткендей.

+0
05 қыркүйек 2013, 20:39

Өмеке, көрдіңғой астындағы комменттерді, кейбір жастар, компьютерден хабары аз кейбір адамдар сеніп қалады

+0
05 қыркүйек 2013, 18:57

бирак шынымен Роза Рымбаева осылай суретке тускенбекен :shock:

+0
05 қыркүйек 2013, 19:41

Мен де алдында Кореяның сайтында отыр едім,осы екі жарнаманы көріп,аузым ашылып қалып ет.Ия кез-келген сайтта отырсаң осылар көретінім.

+0
05 қыркүйек 2013, 19:42

Өтірік зат екені көрініп тұрғо :?

+0
05 қыркүйек 2013, 19:43

жай фотошоп қой, екінші суретіне мән беріп қараңызшы.Басы мен денесі мүлде сәйкес емес.

+0
05 қыркүйек 2013, 20:07

қызық россиядағылар Розаны қайдан таниды екен

+0
05 қыркүйек 2013, 20:38

олар Розаны жақсы таниды, Розаны жақсы көреді олар. Союз кезінде біраз шулатып, содан естерінде қалған

+0
05 қыркүйек 2013, 20:41

Енді Роза апамыз БАҚ-қа "есеп беруі" керек болып тұр...

+0
05 қыркүйек 2013, 22:48

Роза апамыз туралы жарнаманы көрген кезде, қалайша келісім берді екен деп ойлаған едім. Мәселе осылай екен ғой

+0
05 қыркүйек 2013, 23:12

Мен ойладым ол кісі и так арық болды емес пе деп

+0
06 қыркүйек 2013, 01:23

Ресейдің бүкііііл әншілерін «пайдаланып» болды ғой бұлар... Таң қалатынмын, неге солар қыңқ етпеді деп, неге сотқа бермеді деп. Оларға бәрібір сияқты, керісінше, жақсы ( негізі жаман ) «пиар» ретінде қайта қуанған болар... Роза Рымбаеваның сотқа жүгінетіні жақсы болды, бізге ұрынбай аулақ жүрсінші солар... Біреудің атын жамылу деген жақсы қасиет емес...

+0
06 қыркүйек 2013, 11:08

Бұлардың бір ескермегені Роза Рымбаева ешқашан толық болмаған да :D

+0
29 қыркүйек 2013, 12:00

"Пугачева похудела"-деп барлық сайттың жарнамасын бермеуші еді. Енді, қазақ әртістеріне көз тіккен ба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев