Кемтар актерлер

Кемтар актерлер

Бүгін біз сіздерге өзінің физикалық кемістігіне қарамастан танымалдылыққа ие болған актерлер жайында айтпақпыз.

Питер Хэйден Динклэйдж (1969 жылдың 11 шілдесінде туылды) — американдық театр және кино актері. Өзінің өнер саласындағы мансабын 1995 жылы бастаған. 2003 жылы жарық көрген фильмінен кейін аса танымалдылыққа ие болды. Динклэйдж туа біткен ахондроплазия ауруымен ауырады. Бойы 135 см. Ата-анасы да, ағасы Джонатан да өзі секілді орта бойлы адамдар.

Мэттью Макгрори балалар бақшасын тәмамдағанда бір жарым метрлік бойы болған. Ал кейінірек ол 2,29 метрге дейін өсіп кетті. Төмен дауыс пен туа біткен әртістік қабілеті карьерасының жалғасуына көмектесе алды. Алдымен ол танымал теле-шоулар мен Мэрилин Мэнсон мен Айрон Мейдендердің бейнебаяндарына түсуге шақырылды. Кейінірек Мэттью «Мың мәйітке толы үй» сынды қорқынышты фильмдерге шақырту ала бастады. Тим Бертонның «Үлкен балықтарында» қол бұлғаған күйі актер 32 жасында белгілі себептермен көз жұмды.


Джонни Экк 1911 жылы денемен ғана туылды. Өмірге деген құштарлығы оның өнерге аяқ басуына итермеледі.

Джонни 14 жасынан бастап өз атындағы жеке циркті басқарды. Онда өзі де өнер көрсетті: биледі, секірді. Уақыт өте келе ол киногерлерге ұнай бастады. 1932 жылы жарық көрген «Кемтарлар» атты готикалық фильмге түсті. Ол 1991 жылы сансыз байлық мен атақ-даңқтың арасында жүріп өмірден озды.

Курт Шнайдер 1902 жылы Германияда өмірге келді. Ол өмір бойы ергежейлі бойымен, бала бейнесімен өтті.

Отбасында мұндай халге түскен тек Курт қана емес. Оның екі әпкесі мен ағасы да ергежейлілердің қатарынан екен. Олар бірге фантасмагориялық көріністерде ойнады. АҚШ-қа көшіп келген Шнайдерлер отбасы «Қуыршақтар» атты актерлік труппа ашып алды.  Киномен ең алғаш Курт Шнайдер айналыса бастады. Оның Твидлди ергежейлі рөлімен кинодағы тұсауы кесілді. Олар түскен фильмдер ергежейлілер туралы ең үздік кинофильм атағына ие болып жатты. Оның ішінде «Оз еліндегі сиқыршылар» да бар.

Сіздер Джеймс Бондтың теміртісті жауы рөліндегі Ричард Килді де танитын шығарсыздар. "Мені сүйген тыңшы" және «Айлы түндегі жарысушы» кинофильміндегі рөлдері де бар. Оның бойы 217 сантиметр.

Қартайған түрі оған көп рөлдерді сыйлады. Ол 1999 жылы «Инспектор Гаджетте» де бой көрсетті. Ричард Кил тек актер болып қана шектелген жоқ. Ол өнер жолында продюсер болып та, сценарист болып та, тіпті киноснышы болып та қызмет жасады. Жақында ғана алкогольдік тәуелділіктен емделген Кил Клифорнияның күншығысында тұрады.

Майкл Берриман фантастикалық кинофильмдердің кейіпкеріне ұқсайды. Себебі оның туа біткен ауруы бар: шашы, тырнақтары мен тістері түсіп қалған.

Берриман «Төбенің де көзі» бар кинофильмі арқылы танылды. Ол 1977 жылы «Жұлдызды жол» және «Табыттар бәйгесі» сынды кинофильмдерінде басты рөлдерді ойнады. Сонымен қатар, Берриман салмақты драмалық кинофильмдерде де ойнады. «Көкек ұясының астынан ұшу» фильміндегі рөлі соның айғағы. «Мынау ғылым да бір!» комедиялық туындыда да бой көрсетті.

Астыңғы азуы үлкен актер «Танго и Кэш» және «Маньяк-полицей» сынды кинофильмдер арқылы таныс Роберт З’Дар 1950 жылдың 3 маусымында өмірге келді.

Американдық актер әрі продюсер көбіне «Маньяк-полицей» кинофильміндегі Мэтта Корделла рөлімен таныс. Бұл кинофильмнің екі рет жалғасы да түсірілген. Оның қартайған келбеті көптеген кинофильмнің образына дәл келді.

Винсент Эндрю Скьявелли есімді американдық актер кинофильмдермен де телехикаялармен де көпке таныс.

Оның ерекші түр-тұлғасы (1.98 метрлік бойы мен сопақ басы және ұзын әрі жіңішке саусақтары және т.б.) көптеген кинофильмдерге дәл келіп жатты. Көбіне ол психикалық аурумен ауыратын кейіпкерлердің рөлін сомдауға жақын болды. Немесе оған кемтар адамдар мен ебедейсіздердің рөлдері бұйырды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: timeout.ru

А. Әбілхан