Депардье Бельгия азаматтығын алды

Депардье Бельгия азаматтығын алды

Бельгия билігі заңды түрде француз актеры Жерар Депардьені Бельгия азаматы етіп қабылдады, деп хабарлайды Agence France-Presse. 

Жақында ғана атақты актер Францияға жақын жердегі Бельгияның Нешэн ауылынан өзіне үй сатып алған болатын. Міне, енді ол мұнан кейін осы жердің толық құқылы азаматы болып есептелетін болды. Сенбі күні актер өзінің азаматтық алуымен қоса, қоныс тойын жаңа үйіне 200-дей қонақ шақырып, атап өтті.

Француз басылымдарының айтуынша, Депардье өз еліндегі салық тым жоғары болғандықтан, ол жерден көшуге мәжбүр болған. Соңғы кездері Франция президенті Франсуа Олланд пен оның ұжымы елдің бай тұрғындарына салықты қатты өсіріп жіберген. 

Осы жылдың қаңтар айында актер өзінің француздық төлқұжатын ресейлік төлқұжатқа ауыстырған болатын. Әйткенмен, соңғы кездері актер өзін "Әлем адамы" деп атап, әлемнің жеті елінен төлқұжат алғысы келетіндігін мәлімдеп жүр. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: echo.msk.ru

А. Әбілхан