Стив Джобсқа алып ескерткіш қойылмақ

Стив Джобсқа алып ескерткіш қойылмақ

Американдық энтуазиасттар тобы Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобсқа арнап ескерткіш тұрғызу үшін 50 мың доллар көлемінде қаражат жинастырып жатыр. Ескерткіш Сан-Францисконың төрінен орын алады деп жоспарлануда.

Егер қаражат көп мөлшерде жиналса, ескерткіштің ұзындығы 35 метрлік Родосский масағымен немесе 93 метрлік Бейбітшілік мұнарасымен бірдей болады (шамшырақсыз биіктігі 50 метр).

Есесіне қаражат жинауға атсалысушылар бамперге арналған жапсырма, оның суреті салынған жеңіл жейдеше, Уолтер Айзексонның қолтаңбасымен расталған өмірбаянын, Стив Джобстың суретін ала алады. Мұнымен қатар, ескерткіштің ашылуына келіп арнайы тақтайшаға есімдерін жазып қалдыруға мүмкіндіктері бар. Әзірге қаражатты жинастырып жатқан Indiegogo.com сайтының есепшотына 500 доллар келіп түскен.

Осы жылдың басында Петербург қаласында Стив Джобсқа арналған биіктігі 188 сантиметрді құрайтын Wi-Fi стансасы салынғанын естеріңізге сала кетейік.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Дереккөзі: furfurmag.ru
Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай