Көрермендер көзайымы

Көрермендер көзайымы

1. Морган Фриман 73 жаста


"Қиялға толы" рөлдердің ардагері, «Оскар» сыйлығының лауреаты Фриман - ақылды қара нәсілді шалдың рөлін мінсіз сомдайтын актер. Ұрлықшыны, президентті, құдай рөлін ойнаса да ақылды шалдың образын пайдалана отырып сомдайды. Соңғы 12 жылдың ішінде түскен фильмдерінде жауыз қаһарманды сомдаса да, фильмдегі рөлін алғыр ұстаздың сөзімен аяқтайды.

2. Джонни Депп 47 жаста


Бұрын соңды Джонни Депп әр түрлі образдағы актерлерді сомдауымен көзге түскен болса, «Теңіз Қарақшылары» фильмінен кейін танымал болу үшін аса күш салмайтын болды. «Турист», «Таңғажайып мемлекет» фильмдерінде актер басқа образды сомдаса да Джек Воробейдің мысқыл аралас күлкісін пайдаланады.  

3. Брюс Уиллис 55 жаста


«Берік жаңғақ» фильмінде келтіретін мысқыл аралас күлкі Брюстің жүзінен кетпегелі быраз болды. 25 жыл шамасында боевик, драма, комедия жанрында мафия басшысы, соғыс ардагері, полиция қызметкерін ойнаса да «Берік жаңғақ» екендігін дәлелдеді.

4. Джесси Айзенберг 27 жаста

 

Джессидің кино индустриясына келгеніне көп болмады, алайда күн сайын көрермендер көзайымына айналуды. 2 жылдың ішінде оның қатысуымен 8 фильм түсірілді. Ол басты рөлді ойнаған «Әлеуметтік желі» фильмі «Оскар» сыйлығының үміткері. Джессидің ерекшелігі өзіне сенімсіз, ебедейсіз кейіпкерлерден басқасын сомдауға тырыспауында. Болашақта көрермендерін жақсы таңдау жасап риза қылады деген үміттеміз.  

6. Джек Николсон 73 жаста


1998 жылы «Бұдан жақсы болуы мүмкін емес» фильмі үшін Николсон мырза үш «Оскар» сыйлығын қанжығасына байлап босаңсып қалды. Бұл қылығы үшін оны жалқау актерлердің қатарына қоса алмаймыз. Саны көп болмаса да үнемі сапалы рөлдерді ойнауға тырысады. Ұзақ жылдар бойы күле тұрып ашуға бой алдыру мінез-құлқын пайдаланып Джек Николсын тек өзін ойнап келеді.

7. Джейсон Стэтем 38 жаста


Джейсонның еңбексүйгіштігін ерекше бағалауға болады. Ол небары 12 жыл бұрын фильмдерде бой көрсете бастады. Ал қазір қоржынында 30-ға жуық фильм бар. Ол да боевик жанрында ғана ойнап, шыға алмай жатыр. Алып зеңбірегі бар қайсар жігітті ойнау өзіне де, көрермендеріне де ұнайды.

8. Николас Кейдж 47 жаста


Атақты актер болмай тұрып Николас фильмде би билеп те, біреуді қайталап та көрді. Өзін әлемге танытып, «Оскар» сыйлығына ие болған «Жартас», «Періштелер мекені» фильміне түскеннен кейін бұл қасиетін жоғалтты. Қазір актер бір жылда төрт фильмге түседі. Онда өзгеретіні тек шаш үлгісі ғана.

9. Адам Сэндлер 44 жаста


Бірнеше жылдар қатарынан Адам Сэндлер үздіксіз комедия жанрында ойнап келеді. Арасында күлкілі образдан арылғысы да келді. Бұл тек «Естен тандыратын махаббат» фильмінде ғана мүмкін болды.

10. Леонардо Ди Каприо 36 жаста


Леоның «Титаниктегі» бозбала ғана емес, жақсы актер екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Соңғы жылдары Ди Каприо «Джек Николсонның» синдромына шалдықты. Ол фильмде тек өзін сомдайды. Оның рөлдері көрермендерге ұнайды, бірақ жанкүйерлері тосын сый күтеде.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rost-vest.info

Қ. Бүйенбай