Сәкен Майғазиев қызды болды

Сәкен Майғазиев қызды болды

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар танымал әнші, «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев тамыз айының үшінші жұлдызы күні екінші рет әке атанды.

Әншінің аяулы жары Динара өмірге қыз бала әкелді деп хабарлайды Тoday.kz порталы.

Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динараның 1998 жылы дүниеге келген Әділет есімді ұлдары бар. Көпбалалы отбасыдан шыққан әнші журналистерге берген сұхбаттарында: «Арманым көпбалалы әке атану»,-деп жауап берген болатын. Ендеше Сәкен мырза мен оның жұбайын отбасындағы екінші перзенттерінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Сурет: balana.kz