Жеті жылдан соң қайта табысқан қос ғашық

Жеті жылдан соң қайта табысқан қос ғашық

«Ол екеуіміз ең алғаш 2006 жылы кездестік. Мансап жолын енді ғана бастап жатқандықтан, оған өзімді кедергі жасап жүргендей сезіндім. Ол кездері екеуіміз де көптеген жобаларда бой көрсетіп, үнемі іс сапарлармен алыста жүретіндіктен, қол ұстасып бірге жүретін сәттеріміз аз болды» дейді кәріс жұлдызы Ли Бен Хон.

Жағдайлары оңалып 7 жылдан соң қос ғашық қайта табысты. Өздерінің сезімдері жайында көпшілікке 2012 жылдың тамыз айында хабарлаған болатын. Ли Бен Хоннан Ли Мин Чжон жайында сұраған кезде: «Ол өте әдемі, алайда әдемілік мен үшін маңызды емес. Бастысы екеуімізге ортақ ыстық сезім болса болғаны. Бізге көп нәрсе ортақ. Екеуіміз күніне 24 сағат сөйлесе аламыз. Нәзік жасына қарамастан, ол ақылды. Ол менің жасымдағы адамдармен ой бөлісе алады» деп жауап берген екен. Мұнымен қатар, жігіттігіне қарамастан Ли Мин Чжонның иығына маңдайын қойып жылаған сәттерінің болғанын да жасырмады.

Бір жыл өткен соң 42 жастағы Ли Бен Хон мен 31 жастағы Ли Мин Чжон 2013 жылдың 10 тамызында Сеулде орналасқан Хаятт қонақ үйінде тойлары болатынын жариялады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: showasia.ru

Қ. Бүйенбай