Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Джонни Депп кинодан кетпек

Джонни Депп кинодан кетпек

Джонни Депп кинодан кетпек

Атақты Голливуд жұлдызы, актер Джонни Депптің жуық арада кинодағы карьерасына нүкте қоятын ойы бары белгілі болды. Бұл жөнінде елудің үстіне шыққан дарынды актердің өзі ВВС арнасындағы «Дүйсенбідегі таңғы ас» бағдарламасында мәлім етті.

«Мен айналысқым келетін басқа да дүинелер бар ма деп ойланамын. Бар сияқты. Әйткенмен киноға түсуді дәл қазір тастаймын деп айта алмаймын, бірақ оның да аулы алыста емес», - деп актер Джонни Деп ағынан жарылады.

«Осыдан бір жыл бұрынғы барлық айтылған диалогтарды еске алғанда адамның өз пікірінен гөрі өзгенің ойын көп қолданатындығы белгілі болады. Сол кезде ойланасың: бұл нағыз адам үшін дұрыс нәрсе емес қой?», - дейді актер.

Актер өзінің кино саласынан кететіндігі жөніндегі мәлімдемесін өткен айда жария еткен көрінеді. «Мен қазір өзімнің жасағым келетін дүниеме қажыр-қайратымның да, шығармашылық шабытымның да жететіндігіне сенемін. Әйткенмен күндердің бір күнінде маған бұлардың бәріне қол бұлғап, тек өз өмірімді ғана сүретін кез келеді», - деп хабарлайды Депп.

Жақын уақыттарда Джонни Депп тағы бірнеше кинофильмдерден бой көрсетпек. Жуырда әлемдік кинопрокатқа күлдіргі әрі криминалды "Маккабрей" (Mortdecai) атты триллердің шығатындығы белгілі болған еді. Сонымен қатар, 2015 жылы «Кариб теңізінің қарақшылары» ("Пираты Карибского моря") кинофильмінің бесінші бөлімі көрермендерге жол тартады.

БАҚ өкілдері Джонни Депптің неге кино саласымен ертерек қош айтысқысы келетіндігі жөнінде түрлі пікірлер айтуда. Сондай пікірлердің ең үздігі мыналар:

Біріншіден, Джонни Депптің соңғы рет түскен «Жалғыз рейнджер» ("Одинокий рейнджер") кинофильмі прокаттан құлап қалды. Кинокомпания одан сөгіс те алды.

Екіншіден,  актердің денсаулығында кінәраттары бар. Оның бір көзі тіпті көрмейді деуге келеді. Сондықтан да актер арнайы көзілдірік киіп жүруге мәжбүр. Дәрігерлер оған көзінің алыстан көру қасиетінің істен шыққандығын айтып диагноз қойған.

Үшіншіден, елу жасқа келген актерді мұнан кейін кино саласында жұмыстан гөрі өз отбасының өмірі қатты қызықтыратын болған. Ол өзінің жиырма жеті жастағы сүйіктісімен қарым-қатынасын жақсартып, болашақта оған үйленгенді қалайды.

Әйткенмен оның кино саласынан осы жақын арада кетуі мүмкін емес. Өйткені келесі жылға «Кариб теңізінің қарақшылары» ("Пираты Карибского моря") кинофильмінің және «Алиса ғажайыптар әлемінде» ("Алисы в стране чудес") кинофильмінің түсірілімі жоспарланып отыр. Онымен қоса, оның жұмыс күнтізбесінде әлі басқа да кинокартиналарға түсуі керектігі көрсетілген.

Джонни Депп – «Оскар» сыйлығының үш дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар, ол «Алтын глобус» сыйлығының да лауреаты. Джонни Депп 2012 жылы ең көп табыс табатын актер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол жыл сайын қалтасын 75 млн. доллармен толтыратын көрінеді. Ататы актер Джонни Депп Тим Бертонның «Эдвард Қайшы-Қолдар» («Эдвард Руки-Ножницы»), «Ұйқыдағы қойнау» («Сонная лощина»), «Чарли және шоколад фабрикасы» («Чарли и шоколадная фабрика») және атақты «Кариб теңізінің қарақшылары» ("Пираты Карибского моря") сынды кинофильмдерде басты рөлдерді сомдады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: 1kino.com

235 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 31 шілде 2013, 08:38
Пікірлер
+0
31 шілде 2013, 09:16

Джоннидің кеткені жаман болды, маған өте қатты ұнайтын актер еді :(

+0
31 шілде 2013, 11:32

Бұл қай уақыттағы мәліметтер? Қателеспесем "Пираты ..." фильмінің 5-бөлімі көрсетілген сияқты еді. "Алиса ғажайыптар әлемінде" де қарапайым телеарналардан көрсетіліп үлгерді.

+0
02 тамыз 2013, 14:25

мұнда бір қате бар,Джонни ешқашан Оскарды алмаған.тек 3 рет номинант болған.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...