PSY ішімдікке салынып кетіпті

PSY ішімдікке салынып кетіпті

Әлем жұртшылығының ыстық қошеметіне бөленген корей әншісі PSY көп уақыттан бері ішімдікке салынып келген. Бұл жайында Sunday Times журналына берген сұхбатында әншінің өз айтып беріпті. 

"Егер мен бақыттымын ба, онда ішемін, егер мен бақытсыз ба, онда ішемін. Егер жауын жауса, ішемін, егер күн шығып тұрса, ішемін, - деген екен 35 жастағы өнер жұлдызы. - Бір ғана жағдайда ішпеймін. Ол - бас жазғанда".

PSY-ның басы дауға қалып отырған бірінші жағдайы емес. Сәуірде әншінің "Джентльмен" бейнебаянына Оңтүстік Кореяда тыйым салынған болатын. Одан ертеректе, Америкаға қатысты бір ілігі шығып еді. 

Ертеректе Сингапурда өткен кезекті бір конференцияда төмендегідей мәлімдеме жасады:

"Атақты ән биіне үйретуді көпшілік сұрап-өтінеді. Алайда, мен тойып біттім. Шын мәніне келсек, қажып кеттім. Табыс көзі болғандықтан, жалғастыра бермекпін..." - деген.

сурет: huffingtonpost.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига