Брэд Питт Джолиге ұшақ сыйлады

Брэд Питт Джолиге ұшақ сыйлады

Танымал киноактер Брэд Питт сүйікті жары Анджелина Джолиге ұшақ сыйлады. «Бұл мен үшін күтпеген сый болды» - дейді Анджелина Джоли баспасөз беттеріне берген сұхбатында. Бір қызығы актрисаның 2004 жылдан бері ұшақ жүргізу де құқығы бар екен.

Қазіргі уақытта танымал киножұлдыздар бір-бірімен жиі кездесуге де мүмкіндіктер болмай жүрген көрінеді. Себебі, Брэд Питт Лондонда «Война миров Z» кинофильмінің екінші бөлімінің түсірілімінде жүрсе, Анджелина Гавай аралдарында «Несломленный» фильміне түсуде. 49 жастағы актер ұшақ сыйлау арқылы бұл қиындықтың шешімін тапқанына қуанышты екенін де жеткізген. Ал Анджелина Джоли ше?

«Негізінен ойдың иесі Брэд – деді танымал актриса. – Маған Брэд қайсысын таңдайсың, мен саған сатып әперемін дегенде, қуанышымда шек болмады. Енді біздер бір-бірімізбен күні-түні қатынауымызға мүмкіндігіміз бар».

Брэд Питтің ұлы Мэддокс та ұшаққа мінгенді жақсы көреді екен. Әкесінің анасына деген бұл сыйы ұлына да аса қатты ұнапты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: lady.tsn.ua

О. Сансызбай