Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдыздар отбасының үлкен қуанышымен бөліскіміз келеді. 22 шілде күні Мадрид ауруханаларының бірінде Пенелопа Крус босанды.

Хавьер Бардем мен Пенелопа Крустың отбасында қыз бала дүниеге келіп отыр. Әзірге қыз баланың есімі белгісіз, алайда, отбасылы алыс-жақын ағайындарға ат шаптырып жатқан көрінеді.

Актриса жүктілігін жұрттан жасыруға тырысқанмен, бар құпиясы 2013 жылдың ақпанында белгілі болған тұғын. Аяғы ауырлығына қарамастан демалысқа шықпай, соңғы күніне дейін жұрт алдына шығып келіп еді. 

Естеріңізге сала кетсек, аталған жұп ең алғаш 2008 жылы кездесе бастаған. Араға үш жылды салып барып үйлі болыпты. Отбасылы жандарда Лео атты ұл бала бар (2011 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келген).

Кейт пен Уильямның ұлға қойған есімі

Тағы бір жаңалық, жақында ханшайым Кейт пен Уильям ханзаданың да отбасында ұл бала дүниеге келген болатын. Бүгінгі таңда ұл балаға қойылған есім белгілі болды - Джордж Александр Луи. 

Хью Джекман үшінші баланы асырап алмақ

Ал сол уақытта голивудттық актер Хью Джекман үшінші баланы асырап алуға бел буған. Хью мен Дебораның отбасында ертеректе асырап алынған екі бала бар. 

сурет:delfi.lv; dni.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига