Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Пауло Коэльо жайлы фильм түсірілді

Пауло Коэльо жайлы фильм түсірілді

Пауло Коэльо жайлы фильм түсірілді

Белгілі жазушының өмірі жайында фильм Испанияла түсірілген. Лента «Пилигрим: Паоло Коэльоның үздік әңгімесі»  («Пилигрим: Лучшая история Паоло Коэльо») деп аталыпты. Латын америкалық жазушы жайында фильмді 2014 жылы көре аласыз.

Фильм продюсері ретінде сөз сөйлеген Иона де Маседо фильм жайында былай толғанады: «Бұл фильм арманы зор адам жайлы, арманы өз үйінен үлкен таңғажайыптар еліндегі Алиса секілді». Фильм сценарисі Каролина Качо (Carolina Kotscho) картина сюжетін Колэльомен болған әңгімелердің желісінде жазып шыққан екен. Жазушы фильмде жас кезінде де, егде тартқан шағында да көрінеді.

«Бұл картинаның өндірушісі ретінде Бразилия және Испания елдерінің студиялары атсалысқан. Сондықтан да фильмнің түсірілімдері екі бірдей елде түсірілді, алғашқы кезде Рио-де-Жанейрода, кейін Сантьяго-де-Компостела қаласында»,-деп жазады Lenta.ru.

Пауло Коэльо – бразилиялық жазушы әрі ақын. Оның 16 кітаптан тұратыны романдары бар. Әлемге оның аты «Алхимик» шығармасынан кейін өркен жайды.

Библиография

  • «Ғибадат ету» немесе «Сиқыршы күнделігі» («Паломничество» или «Дневник мага»)
  • «Алхимик»
  • «Брида»
  • «Валькирии»
  • «Мактуб»
  • «Рио-Пьедра жағалауына отырдым да жылап жібердім» («На берегу Рио-Пьедра села я и заплакала»)
  • «Бесінші тау» («Пятая гора»)
  • «Жарық жауынгерінің кітабы» («Книга воина света»)
  • «Вероника өлімге бел буады» («Вероника решает умереть»)
  • «Ібіліс пен сеньорита Прим» («Дьявол и сеньорита Прим»)
  • «Әкелер, балалар және аталар» («Отцы, сыновья и деды»)
  • «Заир»
  • «Портобеллолық мыстан» («Ведьма из Портобелло»)
  • «Жеңімпаз жалғыз қалады» («Победитель остаётся один»)
  • «Алеф»
  • «Аккодан табылған манускрипт» («Манускрипт, найденный в Акко»)
  • «Өзенге ұқсас» («Подобно реке»)
  • «Махаббат. Таңдамалы пікірлер» («Любовь. Избранные высказывания»)

Пауло Коэльо – 1947 жылы Рио-де-Жанейрода бақуатты отбасыда дүниеге келген. Әке-шешесі оның әдебиетке деген қызығушылығын құп көрмеген екен. «Бала кезінде оны психиатрлық емханаға берген кезінде ол бірнеше мәрте қашып кеткен» дейді кинемотографистер.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 шілде 2013, 14:20
Пікірлер
+0
15 шілде 2013, 16:35

Алхимик тамаша шығарма ғой! Ең алғаш маған көп нәрсе өз қолымызда екенін үйреткен туынды.

+0
16 шілде 2013, 09:36

Менің сүйкті жазушым, көп кітабын кемірдім. Өмірі қызық, сондықтан да киноны көруге асықпын. Жындыханада отырған, түрмеде отырған адам ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.