Челентано махаббат жайлы не дейді?

Челентано махаббат жайлы не дейді?

Италия әндерін тамылжытып орындайтын, аты аңызға айналған Адриано Челентаноның өзінің жары, актриса Клаудия Моримен отасқанына 49 жыл толыпты.

Жұлдызды өмір, атақ-даңқ, менмендік секілді пендешіліктер әсіресе өнер адамдарының жеке өмірін тас-талқан етуші еді. Үш бала өсіріп отырған жұлдызды отбасы бақытты болудың сыры жайлы көптеген басылымдарға айтып берген екен. Міне, Адрианоның қарым-қатынас пен махаббат жайлы үздік пікірлерін жинап, алдарыңызға қойдық, бақытты болуға асығыңыз...

♥ Отбасы – бұл әрдайым жалғаса беретін іріткі салу немесе сенімді сүйенішің. Егер екіншісі болса, сәттілікке аяқ басқаның.

♥ Менің ойым бойынша, мінсіз әйел Клаудиоға ұқсас болуы керек. Сосын мен онымен танысқан соң мінсіз әйелдің дәл өзі екенін ұқтым. Онда барлық керекті қасиеттер бар болып шықты. Шынымды айтсам, оны көргенде таңғалған едім. Дәл сол секундта ол маған ұнап қалды да, оны бір сәтте-ақ танып алдым.

♥ Барлығын да түсінуге тырысудың қажеті жоқ. Осылай қызықты болады.

♥ Ажырасулар... Егер адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмайтын болса, осы жол дұрыс, бірақ махаббатты сақтап қалу үшін бәрін де жасау керек!

♥ Өмірде жеткің келетін мақсат болса, ол – махаббат.

♥ Мен адам өтірік айтып тұрғанында және шындықты біліп тұрған сәтте көзіне қарағанды ұнатамын.

♥ Егер біз шын мәнінде мұқтаж адамға қол созар болсақ, бұл тек – махаббаттың белгісі, тек қана махаббат.

♥ Егер қыз баласына «иә» дедің бе, онда сен өмір бойы жасалған келісімшартқа қол қойдың, бұдан кейін қулығыңды асырамын деп ойлаушы болма.

♥ Өмір – бұл өте әдемі ән.

♥ Кімде кім жұмыс жасамаса, шын сүйе алмайды деген сөз.

♥ Кімде кім сүйе алмаса, сүюсіз қалады, мәңгіге.

♥ Әділетті болу үшін ең бірінші кезекте қайырымды бола білу керек. Қайырымды болу дегеніміз адамның барлығы да қателесетінін түсіну.

♥ Бұл – жер: қате ойлардың монополиясы.

♥ Мені бір сәт те үзбей сүйетін әйелді тани түсуім қажет.

♥ Мен Клаудияға әрқашан да ғашықпын, бірақ кейде ол мен сүйгендей жақсы көрмейді ойлаймын. Дәл осы ой маған ауыр тиеді. Мен Клаудиясыз өмірімді елестете алмаймын, ол менің барым.

♥ Маған керегі – мені керек ететін Клаудия.

♥ Өмір бұл – вертикалды би. Әр күн сайын бір қадамды үйренесің.

♥ Өз жұмысымның бағасын мен үшін соншалықты құнды болып табылатын көрерменнен сұрамаймын, себебі Клаудия менің ең бірінші төрешім.

♥ Мен музыканы ерекше жанның даусы деп білемін және сенемін. Сол ерекше жанның басты мақсаты әлемнің армандарын жинау, тіршіліктің күйбеңін ысырып қойып, адамдардың санасын шарлау, сосын адамдар арасындағы араздықты жою деп білемін.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: liveinternet.ru

А. Құлтай