Ең қымбат фотосуреттер

Ең қымбат фотосуреттер

Көркемөнерге ақша талап ету арлы суретшінің ісі емес. Бірақ кейінгілер мұны кәсіп көзіне айналдырып алғанға ұқсайды. Ал фотосуреттерді ғарыштық бағаларға сату тіпті абсурд деп ойлайтынбыз.

"Рейн II" (1999) әлемдегі ең қымбат фотосурет. Сурет неміс фотосуретшісі Андереас Гурский еңбегі. 2011 жылы бұл пейзаж Нью-Йорк қаласындағы Christie’s аукционда 4,3 миллион долларға сатылған!

Ешқандай да қызығы жоқ фотосурет шығармашылық еңбектің жемісі: бөтен детальдар, мәселен электростансылар және басқа да порттық құрылыс жабдықтары, итін серуендетуге шыққан адамды Гурский фотошоппен алып тастапты. Бұлай істегенінің себебін ол былай түсіндіреді: «Суретті өңдеген себебім сол, Рейн өзені өңдеуден өтпесе, дәл шынайы бейнесінен айрылар еді». Суретті автор Рейн өзенінің үстіндегі үлкен бұғаттың үстінен түсіріп алған екен.

Ең қымбат фотосуреттердің ондығы

Бұл автордың тағы да осындай екі суреті әлемдік нарықта ондыққа кіреді. Оның ішіндегі атақтысы – «99 цент, диптих» (2001) деп аталады.
Бұл суретте 99 Cent форматында тұрғызылған дүкен бейнеленген. Фотографияның өлшемі – 2,07×3,37 м. Ол 2007 жылы 7 ақпанда «Сотби» аукционында украиналық кәсіпкер Виктор Пинчукқа 3,346 миллион АҚШ долларына сатылып кеткен. Ал бірінші сурет 2006 жылы мамыр айында 2,25 миллион АҚШ долларына сатылған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: venividi.ru

А. Құлтай