Луина: «Өмірлік серігім бүгін концертте гүл береді...»

Луина: «Өмірлік серігім бүгін концертте гүл береді...»

Астана күнін тойлауға отандық әншілердің бір легі ат терлетіп келді. Ең бірінші кезекте ешбір телевизиялық жарнамасыз, тек интернет арқылы дегенін жасай білген әнші Луина мен оның продюсері Жомарт Сүлейменов сұрағымызға жауап берген еді. Сұхбатты алдарыңызға ұсынайық...

Астана күніне орай қандай жаңалықтарыңыз бар? Жасампаз Астанаға не тарту еткелі отырсыздар?

- Жақсында ғана «Астана» атты әнімізді жаздырдтық. Еліміздің барлық радиостанцияларында бұл әнді таныстырып та үлгердік. Ал жақында ғана Астана қаласында бейнебаян түсіріп жатқан жайымыз бар. Оның режисерлігін Жантик жасауда.

Луина, сіздің өнеріңіздегі ең басты жаңалық не болды? Өзгелермен салыстырып айтатын пікіршілерге айтар уәжіңіз бар ма?

Шын мәнінде, мені кіммен салыстырса да, өз басым ешкімге ешқандай байланысым жоқ екенін айтайын. Тек сол музыка ғана бізді байланыстыратын шығар. Менің өнерімдегі ерекшелік, әрбір әншінің ерекшелігіндей шығар, мәселен қандай ән айтатыным, оны қалай жеткізе білетінім, жеке мүмкіндіктерім басты ерекшелік деп ойлаймын. Жалпы сырт көз сыншы дейді ғой, сырт көздің айтқанының да жаны бар шығар. Ал мына шоу-бизнеске еш ротациясыз келуіміз, телевизияға жарнама жасау үшін қаржы төлемегеніміз басты ерекшеліктердің бірі. Бірінші ән жинақ күзге қарай, қыркүйек айларында болып қалар. Оның аты әлі қалай екенін ойластырып үлгермесек те, оның Ресейден шығатыны және сол жақтағы радиостанцияларында таратылатыны белгілі.

Жомарт аға, Луинадан басқа, Сон Паскаль сияқты тағы бір қызықты жобаңыз бар. Оның жаңашылдығы мен ерекшелігі өз алдына. Мұндағы негізгі бағытты айтып өтіңізші.

Қазіргі кезде барлығы бірыңғай классика, немесе бірыңғай басқа бір жанр деп бөлуге болмайды. Жалпы адамға ұнай ма, ендеше бағың артқаны. Жаңашылдығымыз сол, әншілеріміздің халыққа интернет арқылы, еш бетпердесіз жетуі және ол халыққа ұнап отыр. Тек Қазақстан халқына емес, Ресей, басқа да орыс тілді халықтардың назарын жаулауға болады. Ал өзіміз қазірде Алматы қаласында болғанымызбен, жақын маңда Астанаға келмек ойымыз бар. Бәрін де өз қаржымызға жасаймыз. Бүгінгі концертке де қатысуымыздың басты себебі өзіміздің әншілерді насихаттау, нарықты шетел емес, отандық әншілер жаулап алса несі айып? Ал өкінішке орай, қазақстандық бір де бір әнші нарықтың сұранысына жауап бере алмай отыр. Ендігі кезекте осы олқылықты қазақстандық жастардың әлемдік аренаға шыға алатын мүмкіндігі бар екенін біле отырып, таяу болашақта әлем нарқын жаулаймыз деп мәлімдеме жасай аламын.

Қазақ тілінде әндер айтылып жүр ме?

Әрине, бар, елімізде қазақ тілді аудиторияға да, сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерінде айтып, олардың чарттарына қатысуды ойластырып отырмыз. Жалпы музыкада тіл жоқ деп ойлаймын. Себебі музыка бұл өнер. Мұнда тілді тек аудитория қалыптастыру барысында рөл ойнайды деп айтсақ жөн болар.

Луина, өнерге қызығушылығыңызды қалай аштыңыз, кеше жоқ Луина, міне, бүгін жұлдыз болып отыр.

- Мен бала кезімнен ән айтып жүрмін. Жалпы өзімнің ата-тегім Астрахандықтар екен, өзім Жаңаөзенде туып-өскенмін. Ешқандай да музыкалық білімім жоқ, бірақ Х-Factor жобасына келген соң өнердің жаныма жақын екенін білдім, ұқтым. Жеке өмірім деп, немесе музыка менің жұмысым деп қарамаймын. Өнерім де, өмірім де – өзім. Қысқасы осылай.

Жалпы атақ-даңқ, дәрежеге қалай қарайсыз?

Күні кеше ғана «Астана жұлдызы» премиясы өтті. Біз де Астанада болдық. «Жыл әншісі» деген номинацияда болсақ та ең болмағанда үштікке кірмегенімізге таңғалдық. Иә, бізге әлі де көп жұмыс жасау керек шығар. Бірақ елімізде екі дүние түсініксіз: тендер мен байқаулар қалай өтетінін әлі күнге түсінбеймін. Қандай факторлар рөл ойнайтынын бір өздері біледі, қызық...

Ал әлеуметтік желіде, анығырақ Инстаграммда фоловерлер саны көбейе түсіпті? Сізге бұл қаншалықты маңызды болып табылады? Бірінші кезекте қарым-қатынас па, әлде жарнама ма?

Мен үшін бұл өзіме айтылған сын немесе жақсы пікірлерді естіп, елмен қарым-қатынас жасау құралы болса, Жомарт сияқты ұстазыма бұл жарнама, даму құралы болып табылады. Бұл және оңай жасалатын жарнама түрі. Мұны да, өз пайдамызға асырып отыруды жөн көрдік.

- Өзіңізбен салыстырмасаңыз да, әлемдік деңгейде кімдердің өнерімен қатарласқыңыз келеді?

- Mariah Carey мен Beyonce.

- Луина, өмірлік серігіңізді таптыңыз ба?

- Дәл осы сұрақты жауапсыз қалдырсақ деп едім. Жұмбақты жасырып қана қояйын. Бүгінгі концертте ол сахнаға шығып, маған гүл ұсынады.

- Тамаша екен, ендеше, назарымыз сахнада болсын, әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Ардақ Құлтай

А. Құлтай