Диана Гурцкаяға 100 000 доллардың сақинасы сыйға тартылды

Диана Гурцкаяға 100 000 доллардың сақинасы сыйға тартылды

Өз туған күні қарсаңында Диана Гурцкая күйеуінен құны 100 000 доллар тұратын авторлық сақинаны сыйға алған.

Әншінің туған күн мерекесі дос-жарандары мен жақын туыстарының ортасында өтіпті. Баспасөзге берген сұхбатында, әнші 35-ке толған шағында мұндай сыйды күтпегенін айтыпты.

Мик Джаггердің бір тал шашын 6 мың долларға сатып алыпты

Мик Джаггердің бір түп шашы алты мың долларға сатылып кетіпті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Сатып алған адамның есімі айтылмай отыр.

"The Rolling Stones" тобының көшбасшысы саналған әйгілі тұлғаның бір түп шашын әжесі Крисси Шримптон сақтап келіпті. 1960 жылы бізге беймәлім бір ағылшын актрисасы Джаггердің шашынан қиып алған, рок-жұлдыздың шашы ақыры конверт ішіне салынған.

Түскен қаржы мүгедек жандарға қол ұшын созатын қайырымдылық қорына аударылмақ.

Оливер Стоун Уго Чавес туралы кино түсіруде


Венесуэланың көшбасшысы Николас Мадуро аталған елдің экс-президенті Уго Чавес туралы кино түсіруге бұйрық беріпті. Бұл туралы РИА-Жаңалықтар орталығы хабарлайды.

"Жаңа түсірілім камандант Уго Чавеске арналады. Жақын айларда Оливер Стоун бітіріп те қалар", - дейді Мадуро.

Венесуэланың көшбасшысы О. Стоунның таяуда Каракаска келіп, солтүстік америкалық имперализмнің кескіні көрсетілген жаңа фильмнің тұсаукесеріне қатысатынын айтыпты.

Бір қоса кетерлігі, Николас Мадуро жаңа фильмнің түсіріліміне қуанышын жасырмаған.

Том Круздың бала күнгі арманы

Анықталғандай, голивудтық кино жұлдызы әртістік мансап жолы туралы еш ойлап та, армандап та көрмеген екен.

Актердің сөзіне сенсек, өзімен қатарлас өнер жұлдыздарының біршамасы актерлік жолға кездейсоқ келіп қалғандар. Кейбірі ата-анасың жолымен кеткенді жөн көрсе, ендігі бірі жақын туыстарының артынан еруді қажет деп тапқандар.

Осы тұста кино майталманы барлық асуды астым деп айта алмаса да, балалық армандарының бәрі дерлік орындалғанын алға тартыпты:

"Әртіс болғым келеді деп ешқашан армандап көрген емеспін, жоқ, - дейді актер, - Мен жай ғана өз мүмкіндігімнің үдесінде өмір сүргім келді: ұшу, жүгіру, ату, секіру. Сосын, әрине, байкка отыру... Мотоциклды сыйға алғанды ұнатамын».

Cурет: beatles.ru; ru.golos.ua; ria.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Композитор Кеңес Дүйсекеевтің танымал 7 әні
Шахмат үйрен — үлгеріміңді арттыр!
Шахмат үйрен — үлгеріміңді арттыр!
Баланың когнитив функцияларын дамыту туралы. i-balaqai жобасында − Елена Венгерская
Баланың когнитив функцияларын дамыту туралы. i-balaqai жобасында − Елена Венгерская
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері