Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Қара шаршының" құпиясы неде?

"Қара шаршының" құпиясы неде?

Біз бұған дейін де Казимир Малевичтің «Қара шаршысы» туралы сәуегейлі пікірлер айттық. Бірақ сонда да оның анық-қанығын түсіне алмадық. Сонымен, бұл өнер туындысы дүмшелік пе әлде пәлсапалық жолдау ма? Дәл осы сұраққа AdMe.ru танымдық порталы жауап беріпті.

Ақ фонда қара шаршы бояу салу үшін атағы ел аралаған суретші болу міндетті емес. Тіпті сіз бен біз де сала аламыз. Ал оны құпия ете түсетін бір фактор – даңқы. 100 жылдан астам уақыт өтсе де, бұған қатысты дау-дамай жалғасын тауып келеді.

«Қара шаршы» – бұл тіктөртбұрыш. Енді, анық-қанығын айтайық, «Қара шаршы» бұл шын мәнінде де шаршы емес, тіпті қара да емес. «Бұл қалай?» дерсіз: қабырғаларының бір-біріне параллель еместігін, ал қара түстің негізінде бірнеше басқа бояулардың қосындысы екендігін айтсақ таңғаласыз ба? Бұл автордың салақтығы емес, керісінше, ұстанымы, динамикалық форма жасауға деген талпыныс саналады.

"Қара шаршы", "Қара крест" және "Қара шеңбер"

«Қара шаршы» – бұл қате салынған картина. 1915 жылы 19 желтоқсанда Петербургте ашылған «0,10» атты футуристикалық көрмесіне Малевич бірнеше сурет дайындауы керек болатын. Уақыт болса келіп қалған, ал суретші үлгермей жатып, салған суретін қара бояумен бояй салған. Дәл осы сәтте көмекшілерінің бірі кіріп келіп, «Кемеңгерлік!» деп айғай салған. Осыдан кейін автор осы арқылы бір ойларды бергісі келгендей қалыпқа ене қалған. Міне, осыдан картинаның түрлі-түсті бояудан шыққаны анықталады. Ал тексерушілер қара бояудың астында қандай сурет тығылғанын анықтай алмай қойыпты.

«Қара шаршы» – бұл түрлі түсті куб (текше). Казимир Малевич бұл өнер туындысы жайлы бейсаналы түрде салынған, «ғарыштық танымда» жазылғанын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Ал кейбіреулер мұның тіпті де қара шаршы емес, түрлі-түсті текше екенін айтады. Осылай болған күнде Казимир Малевичтің жұмбағын былай шешуге болады-мыс: әлем бір қарағанда-ақ тегіс әрі қара-ала түсті болып көрінеді, егер адам баласы әлемге өзге бір қырынан қарайтын болса, оның түрлі-түсті екенін байқап, өмірін де өзгерте алмақ, бұл суретке қызығатын миллиондаған адам картинаның өмірдің мәні ретінде қарай бастайды. Қара түс өзге түстерді жұтып қояды, сол үшін де қараның астындағы ақты, немесе өтіріктің астындағы шындықты көру қиындау деп түсіндіріледі. Мұны түсінген адамға философиялық формула ашылады-мыс.

«0,10» көрмесі, Петербург. 1915 жыл, желтоқсан

«Қара шаршы» – өнердегі көтеріліс. Картинаның салынуы кезінде Ресейде кубистік мектеп қалыптаса бастаған. Кубизм барлық суретшінің жеккөрушілік сезімін оятып, басқа бір суретшілік бағыт қалыптаса бастаған делінеді. Дәл осы бағытта супрематизм көбейді. Suprem – (лат.тілінен) басымдылық деген мағынаны білдіреді. Өзге түстердің қатарында бір түстің басымдылық көрсетуі осы бағытты сипаттайды. Дәл осы көрмеде «Қара шеңбер», «Қара крест» секілді супрематикалық жүйеге бағынған туындылар қойылды. Кейіннен қызыл және ақ супрематизм туындылары салынды.

«Қара шаршы» – бұл керемет жарнама. Казимир Малевич болашақтың «сапа маңызды емес, бастысы оны қалай көрсетіп, қалай өткізуде» делінетін заманауи жүйені дөп басқан.

Қызықты дерек: суретшілер қара түспен «ойнауды» ерте бастан-ақ бастап кеткен (XVII). Мәселен, Роберт Фладдтың 1617 жылы салынған «Ұлы түнек» туындысы, 1843 жылы салынған Бертальдің «La Hougue көріністері» («Вид на La Hougue (под покровом ночи)») картинасы қара бояуды басты назарға алған. Ал 200 жылдан астам уақыттан соң Гюстав доренің 1854 жылғы «Ресейдің алакөлеңке тарихы» («Сумеречная история России»), Пол Билхолдтың 1882 жылы салынған «Жертөледегі негрлердің түнгі төбелесі» («Ночная драка негров в подвале»), Алфонс Алленің «Үңгірдегі негрлердің түнгі соғысы» («Битва негров в пещере глубокой ночью») атты плагиаты болы жалғаса береді. Ал осыдан кейін 1915 жылы Казимир Малевичтың «Қара супрематикалық квадраты» дүниеге келді. Жоғарыда аталған суретшілердің аты-жөндерін тек тарихшылар ғана біліп отырса, Малевичті жалпақ жұрт таниды.

«Қара шаршы» – бұл саяси жүріс. Казимир Малевич елдегі саяси жағдайды жақсы білген стратег ретінде танымал. Малевичке дейінгі салынған қара шаршы суреттер еш назарсыз қалып отырса, 1915 жылы жаңа тұрғызылып жатқан елге оның еңбегі сенімді бола түсті. «Шаршы» өнерге дым да қатысы болған жоқ. Бұл дәстүрлі өнердің өлімі дегенге саяды. Сталиннің билікке келуіне дейін Малевич жоғары міндеттерде қызметте болған.

«Қара шаршы» – бұл мазмұннан қашу. Картина бейнелеу өнерінде формалимзнің назарға алынуын сипаттайды. Формализм – бұл мазмұннан тікелей мағынасында бас тарту.

Автопортрет. Суретші. 1933 жыл

«Қара шаршы» – бұл өнердегі идеялар тапшылығы. Авторды көптеген замандастары, тіпті бүгінгі суретшілер мен өнертанушылар дәстүрлі өнерді жойған деп баға беріп, кінәлайды. Көптеген сыншылар «Қара шаршы» картинасынан кейін әлі күнге дейін бірде-бір керемет туынды пайда болмады дейді, себебі дарынды суретшілердің көбі түрмеге тоғытылып, қуғын-сүргінге ұшырады.

«Қара шаршы» – бұл бос кеңістік, қара тесік,  өлім. Малевич картинаны салып бітірген соң не ұйықтай алмай, не ас қабылдай алмағаны жайлы көп айтылады. Тіпті өзінің не мақсатпен сурет салғанын да түсінбейді екен. Ал кейінде ол пәлсапалық ойларын жазып, 5 томдық еңбек қалдырған.

«Қара шаршы» – бұл дүмшелік. Шарлатандар қоғамды жоқ нәрсеге сендіріп, атақ жинайды. Ал өзіне сенгендерді олар ақымақтар дейді. Бұл «жалаңаш король эффекті», оны ешкім де айта алмайды, айтса күлкіге қалады.

Примитивті картинаға қарап отырып-ақ түрлі пайымдар жасай беруге болады. 1915 жылы салынған сурет әлі күнге даулы, жұмбақ күйінде келеді. Сайып келгенде бұл әркімнің қиял шегі дегенге келеді.

Бұл картинаға қарап отырғанда, сізде қандай ой болады?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

1129 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 01 шілде 2013, 16:46
Пікірлер
+0
02 шілде 2013, 00:23

Біртұтастылық, бірқалыптылық көрем... Құбылмалы, аумалы-төкпелі деген ұғымдардан ада... (өз ойым)

+0
02 шілде 2013, 08:39

Осы сүретшілерді түсіну қиын ше, әлемдері бөлек. Өнер түсінбейтін біреу мынауда өнер ме дер еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...