Көшбасшылардың студентке айтары

Көшбасшылардың студентке айтары

Элиталық жоғары оқу орындарын бітірген студенттерге әйгілі бизнес тұлғалары барып ақыл айтады. АҚШ-тағы осы бір дәстүрлі көрініс жыл сайын қайталанып отырады екен.

Бизнес өкілдері ең бірінші кезекте жас америкалықтардың арманына сенім ұялатып, болашаққа деген көзқарастарына бағыт сілтеуге тырысады. Жалынды да жарқын ойға толы сөздердің бір парасы. 

Ларри Пейдж,

Google-дың негізін қалаушы, Мичиган университетінің бітіруші студенттері алдында:

– Бір кездері маған да дәл осы бір университеттің қабырғасында арманды ақиқатқа айналдыруды үйретті. Содан бергі өмір жолында жете түсінгенім, өзіңмен бірге үлкен амбиция болуы қажет. Еш уақытта армандарыңыздан бас тартпаңыздар. Естеріңізде болсын, қиын істерді шешер тұста бәсекелес деген болмайды. Толағай жетістікке еңбекқорлық жобалар арқылы қол жеткізе аласыз. Үздік жандар ұлы армандарды орындайды. 

Стив Джобс,

Apple -дың негізін қалаушы, Стэнфорд университетінің бітіруші студенттері алдында:

– 17 жасымда оқыған дәйексөз мәңгілік жадымда  қалып қойды: "Егер әр күніңді соңғы күнім деп ойлап, өмір сүретін болсаң, онда бір жолы дұрыс болып шығуы мүмкін". Бұл сөз менің таңданысымды тудырды. Содан міне, 33 жылдың жүзінде әр таң сайын өзімнен сұрайтын болдым: "Егер бұл күн өмірімдегі соңғы күн болатын болса, онда бүгінге жоспарлап қойған ісімді бүгін жасайтын ба едім?". 

Билл Гейтс,

Microsoft-тың негізін қалаушы, Гарвард университетінің бітіруші студенттері алдында:

- Өзгелерге үлкен нәрсе жасауға тырыс деп шешем айтушы еді. "Кім көп соққы алатын болса, содан үміт көп" деп бір сөзін қайталай беретін. Жадымда ұстайтын сөзім". 

Марк Цукерберг,

Facebook-тың негізін қалаушы, Белль Хейвен Коммьюнити Скулде бітіруші студенттері алдында:

- Үйге барғанда алдыңнан дәмді емес көкөністер күтіп тұрсын, оларды жеуге өз-өзіңді мәжбүрлеуге болады. Бірақ егер сен бір ойынға араласып, жеңіс үшін үлкен қажыр керек болып жатса, түптің-түбінде өзіңе ұнағандықтан ақырына дейін барасың. Жүректеріңіз қалап тұрған іспен айналысыңыздар. Сонда, қолдарыңыздан бәрі келеді. 

Джефф Безос,

Amazon-ның негізін қалаушы, Принстон университетінің бітіруші студенттері алдында:

- Сексенге толған шағыңызда өміріңізді бір електен өткізу үшін басыңыздан өткен өмір оқиғаларын жинақтап, соларға қарап отырып, бүкіл ғұмырыңыздың мәні сіз қабылдаған шешімнен тұратынына көз жеткізесіз. Біз – бұл біздің таңдауымыз. Сіздің тапсырмаңыз – өз өміріңізден ұлы оқиғаны жасап шығару.

Стив Баллмер,

Microsoft-тың атқарушы директоры, Оңтүстік Калифорния университетінің бітіруші студенттері алдында:

- Барлық алпауыт компаниялар қиын-қыстау кезеңдерден өтіп тұрады. Барлық адамдар да қиын уақыттарды бастан өткереді: алдыңыздан үлкен қамал шықты делік, ал сіздің ой жемісіңіз қажетке жарамай қалды. Жетістік сіздің қаншалықты бірбеткей екендігіңізге байланысты. Табанды адам жеңіс тұғырына көтеріледі.

Эрик Шмидт,

Google-дың директорлар алқасының мүшесі, Карнеги университетінің бітіруші студенттері алдында:

- Айналамыздағы адамдар үнемі жоспар құрып жүру керектігін алға тартады. Бұл оймен келіспеймін... Жетістікке жеткен бақытты жандардың барлығы дерлік көп жұмыс істегендер және аумалы-төкпелі сәттерде мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алмағандар. Елден шығандап озып кетпеңіз, өмірде болып тұратын тосын қадамдарға дайын болыңыз.

Опра Уинфри,

Тележүргізуші, Forbes нұсқасы бойынша, соңғы уақыттың ең атақты жұлдызы, Дьюк университетінің бітіруші студенттері алдында:

- Жиі сыртқы болмысты өзгертіп тұру қажет. Кейде болмысты өзгерту арқылы, өмірді де күтпеген жерден өзгертуге болады. Барлығымыз бірдей уақыт өте келе болмысты ауыстыруға тиісті боламыз. Жиі-жиі өзгеріп тұрыңыздар және өз-өздеріңізге ұқсаушы болмаңыздар. 

Майкл Блумберг,

Әлемдегі ең ірі Bloomberg информагенттігінің негізін қалаушы, Нью-Йорктың мэрі:

- Еш уақытта мансап жолында тез жетістікке жетем деп сеніп қалмаңыз. Бар керегі тынбас жұмыс жасап, күн санап дами түсу қажет. Мен әрқашан жан-жағымдағы адамдарға қарағанда көп жұмыс жасауға тырысатынмын.

сурет:lifehacker.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига