Джей Ло байланыста

Джей Ло байланыста

Дженнифер Лопес Viva Movil ұялы байланыс желілерін ашпақшы.

Әнші жаңа бизнесті отандастарына арнамақшы екен. Өз сөзіне сенсек, аталған жобаның басты мақсаты АҚШ-та өмір сүріп жатқан оңтүстік америкалықтарға бағытталмақ. Алғашқы дүкені осы жылдың маусым айының ортасында Нью-Йоркте пайда болмақ. Ал 2013 жылдың соңына дейін бизнес-ханшайымы тағы да 15-ке жуық салонды Штат аумағында ашып тастайтына сенімді. 

Қызық болып тұрғаны, Viva Movil жобасы Джей Лоның бұрынырықтағы бизнес-жобаларын басып оза алар ма екен? 

Естеріңізге сала отырсақ, бүгінгі таңда танымал әншінің иелігіне кинокомпания, сән, парфюмер брендтері, және де кубиндік мейрамханалар кіреді. 

сурет:tech.onliner.by

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига