Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Сурет емес, күн сәулесі!

Сурет емес, күн сәулесі!

Сурет емес, күн сәулесі!

Жапон суретшісі Абе Тошиюкидың картиналары жылылық пен жарық сәуледен жасалғандай әсер береді. Көзілдірігіңізді киіп алыңыз!

Абе Тошиюки (Abe Toshiyuki) көркемсурет саласында білім алып, 20 жыл өмірін ұстаздыққа арнаған. Бірақ ол бір минутқа болса да суретші болу арманын ұмытқан емес.  

Ал 2008 жылы ол ақыры мұғалімдікті тастап, өзін суретшілік өнерге арнапты. Соңғы бес жыл ішінде оның көптеген жеке көрмелері өтіп, бірнеше рет үлкен марапаттарға ие болған. Жапондықтар әрқашан да табиғат анаға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарап келген. Және бұл олардың әдебиеті мен өнердің басқа да салаларындағы туындыларда көрініс тапты. Абе Тошиюки өзен ағысының жылдамдығы мен үзілгелі тұрған жапырақты өнер туындысына айналдыруға болатынына сенімді.  

«Менің бояуларым табиғаттың керемет сұлулығы мен ауыспалылығын дәл бере алады деп ойлаймын. Суреттерімді көрген адам оны басқа еш жерден көрмегенін қалаймын. Оларда «дежа-вю» эффектісі болмаса екен деймін. Көркемсурет жүректен шыққан тірі эмоцияларды тудыруы керек» дейді автор.

Картина – оған қарап тұрған адам жанының айнасы деп санайды қылқалам шебері. Бұл жағдайда Абе Тошиюкидің суреттерін адамдарға жылулық, жарық, қуаныш, ләззат сыйлай алады деп қорықпай айта беруге болады!

Адам баласы не жасаса да: әдебиет, ән, көркемсурет – ол автопортрет болады.

Батлер С.

Көркемсурет – өнердің ішіндегі ең қолжетімдісі

Гете И.

Көркемсурет – өнерлердің ішіндегі ең кереметі; онда барлық сезімдер жатыр, оны көрген сәтте әркім де өз ойының өресімен романын оқи алады, бір ғана көрумен көптеген естеліктерді жиып елестете алады; есте сақтау қабілетіңе күш түсірмей-ақ бір сәтте көруге болады.

Гоген П.

Көркемсурет – бұл нақты иррационалдықтың ең көркем, ең сымбатты және қолмен жасалған фотография.

Эжен Делакруа

Мінсіздіктен қорықпа, сен оған жете алмайсың.

Сальвадор Дали

Қандай ғажап – өмірде болмайтын дүниеге көркемсуреттен көріп таңдану қандай ғажап!

Эжен Делакруа

Суретші мен мүсінші – екеуі де ақын, бірақ соңғысы ешқашан шарж деңгейіне түспейді...

Дидро Д.

Көркемсурет пен мүсін өнерінің қайбір туындысы да бір үлкен идеяның айтары болуы керек, көрерменге үлгі бола білуі керек, - онсыз туынды тілсіз.

Белгісіз автор

Көркемсурет – ой мен заттың ортасындағы дүние.

Колридж С.

Көркемсурет – бұл көруге арналған поэзия, ал поэзия – тыңдайтын көркемсурет.

Леонардо да Винчи

Көркемсурет – бұл тілсіз поэзия, ал поэзия – бұл соқыр көркемсурет.

Леонардо да Винчи

Көркемсурет табиғатпен дауласып, бәсекелеседі.

Леонардо да Винчи

Суретші, назар сал, өнерге деген арыңды нәпақа табу мақсаты жеңіп кетпесін.

Леонардо да Винчи

Суретші дара болуға тырыспауы керек, себебі даралықтың тудырғаны бір күні жаман, ал бір күні жақсы.

Леонардо да Винчи

Көркемсурет қызғаншақ. Ол суретшінің тек өзінікі болғанын қалайды.

Микеланжело

Көркемсурет – бұл үнсіздікке құштарлық.

Джордж Мур

Әйел адамның киімі – көркемсурет, ер адамның суреті – мүсін.

Барнетт Ньюмен

Өнер салаларының ішінде көркемсурет өнеріне адам жан-тәнін арнауы керек.

Ж. Давид

Көркемсуретте табиғат канондарынан аттай алған туынды гротескке айналады.  

Д. Драйден

Көркемсуретте ешқандай мән жоқ, бірақ оны көрген адамда идеялар тууы керек.

И. Я. Крамской

Көзімізбен сурет сала алмайтынымыз өкінішті. Көзбен көрген дүниені қол мен қылқаламнан өткізгенше, көп нәрсе түсіп қалады.

Г. Лессинг

Суретшінің бір ғана басты дұшпаны бар – ол өзінің нашар салған суреттері.

А. Матисс

Негізінде суретші көзбен сурет салады, ал оның өнері – айналаны қаншалықты дұрыс әрі сұлу сәтінде сала алғанында.

Новалис

Ұлы сәулетшілік – бұл адамзат ұлылығының куәсі.

Ф. Райт

Портрет адамның мінезін көрсететін картина болуы керек.

И. Е. Репин

Ақиқатында ешқандай да керемет стиль, керемет сызық, керемет түс жоқ. Ең кереметі шындық!

О. Роден

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

3771 5
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 17 мамыр 2013, 17:22
Пікірлер
+0
17 мамыр 2013, 17:35

Сурет салғым кеп кетті ғой. Мыналар ғажап екен енді бар ғой! Осы ғой өнер.

+0
17 мамыр 2013, 19:12

Суреттері керемет екен!

+0
17 мамыр 2013, 21:45

күштіі

+0
18 мамыр 2013, 08:30

Қандай керемет суреттер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...