Павлодардан Депардьенің "егізі" табылды

Павлодардан Депардьенің "егізі" табылды

Павлодар қаласында танымал француз актері Жерар Депардьеге ұқсас тұрғын бар. Виталий Нечунаев – жеке кәсіпкер. Ол өзінің белгілі актерге ұқсауын мақтаныш көреді және әртүрлі жағдайларда актерге ұқсас іс-әрекет жасайды екен.

Француз актеріне ұқсайтынымды 15 жасымда білдім. Уақыт өткен сайын мен оған қатты ұқсап кеттім. Менің актерге ұқсастығымды байқаған адамдар суретке бірге түсуді және афтограф беру үшін арнайы түрде француз тілін меңгере бастадым. Бұл образым әрбір өткен жағдайда көмегін тигізбей жүрмейді, дейді павлодарлық Депарьде. Оны тіпті әуежайларда да кезексіз өткізіп жібереді екен.

Павлодарлық болса, өз кезегінде сырттай ғана емес, мінезінің де атақты әртіске ұқсайтынын жасырмады. Ол өзін шығармашылық адамы деп ойлайды. Уақыты босай қалса Виталий театрда қойылымдар қойып, фотосессияларға қатысады. Сонымен қатар, өлең де жазатын көрінеді.

Ал қалған істе Виталий қарапайым қазақстандық сияқты өмір сүреді екен. Ол өзін бақытты санайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz

А. Құлтай