Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Алыптың алтын бармағы

Алыптың алтын бармағы

Алыптың алтын бармағы

Әзілді отырыстардың бірінде біреу Лев Толстойды келемеждеп «Сенің роман жазғаннан басқа қолыңнан не келеді?» деп сұрайды.

Ондағылар мұны асыра айтқан қалжың деп білді. Бұл шынында да қисынсыз сөз еді. Өйткені, Толстой жұмыс біткеннің бәрінің қалауын табатын. Өйтпесе, жүзге тарта жұмысшысын қалай ғана басқарып отырар еді. Ресейдің әйгілі суретшісі Репин кезінде бүкіл әлемге әйгілі «Толстой атыз басында» атты май бояулы суретін сызған болатын. Репин осы суретті салмас бұрын үшін үш ай бойына дайындалыпты.

Толстой әр кез отбасындағыларға «өз тұрмысыңды өзің жөнге салып, өз қолыңнан келетін шаруаны өзің тындыр» деп ақыл айтып отыратын дейді. Ол әр күні таңертең шанасын сүйреп, үйіне су тасыды. Кезінде бір рота әскерді бастап, соғысқа қатысқаны, шайқас медалін еншілегені де бар.

Жасы алпысты еңсерген Толстой досының мазағына жауап қайтарған жоқ. Үн-түнсіз үйіне қайтты. Келе салып қарбаластыққа түсті де кетті. Ол досының есесін қайтару үшін сиырдың терісінен бір әдемі әрі мықты саптама етік тігіп, үлкен күйеу баласына ұсынды. Ал ізетті күйеу баласы қайын атасының мұндай бағалы тартуын аяғына киіп алуға қимай, етікті кітап сөресіне тізіп қояды.

Толстой атыз басында (Илья Ефимович Репин)

Сол кезде Толстой шығармаларының 12 томдығы жарық көрген болатын. Ол осы етікке 13 том деп белгі жазып қойды. Бұл лезде қызықты әңгіме болып таралып кетеді. Толстой осы қуанышты көңілмен тағы бір қысқа қонышты етікті де жақсы досы ақын Фет Афанасийға тарту етті. Фет аса сұңғұлалықпен Толстойға алты рубль төлейді де, бір парша қолхат жазып «Соғыс және бейбітшілік шығармасының авторы Лев Толстой менің тапсырысымды қабылдп, табаны қалың, өкшесі аласа жұмыр қонышты бір пар етіп тігіп берді. Етікті 8 қаңтарда үйіме алып келді. Мен ақысына алты рубль төледім. Етік өте тамаша тігілген. Ісімерлігінде шек жоқ» деп, хат соңына мөрін басады.

Қолөнер рухтың белгісі. Жұмыс бір адамның идеялық бейнесінің айғағы. Қазіргі заман жастары дене еңбегінен жалтарып, өнер үйренгісі келмейді. Оқу оқығанды ұнататындар мен ұнатпайтындар түгел университет сынды осы бір балға арадай үймелейді. Толстой бүкіл адамзаттың мақтанышы атанды. Оның шығармалар жинағы 90 том болып басылды. Әдебиет көркемөнердің дүниежүзілік мектебі атанды. Шығармалары әлем халқын тамсандырды.

Бірде ол кемежайдан өтіп бара жатқанда, бір салауаты ханым оны жүк тасушы деп ойлап қалады да, шақырып алып өз жүгін көтертеді. Ол күлімсіреген бейнемен ханымның жүктерін жеткізіп береді. Сол кезде ғана жүк көтеріп жүрген адамның Толстой екенін біреу байқап қояды да, айналасына көптеген адамдар жиналып, жапырыла амандасады. Әлгі салауатты ханым ұялғанынан жерге кіріп кете жаздаған екен.

Алмастың алмасты жарқырататыны секілді, ұлы рух еңбекті жаратты. Құдіретті еңбек рухты баулыды. Ұлы жазушы Толстой дене еңбегі мен қолөнерге сәл қараудың рухани жұтаңдық пен идеялық тоқырауға алып келетінін өз өмірі арқылы дәлелдейді.

Қытай тілінен аударған: Қайрат Оразбиұлы

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

1682 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 13 мамыр 2013, 17:16
Пікірлер
+0
14 мамыр 2013, 07:39

Толстойдың мен білмеген қыры екен етік тігу деген. Сонда мынау қытай тілінде жазылып аударылған ба орыс материалдарда жоқ па

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...