Барак Обаманың айтқандары

Барак Обаманың айтқандары

АҚШ – әлемдегі ең алпауыт ел болса, сол алпауыт елдің тұғырында алпауыт тұлға отыр. Ол – Барак Обама. Жүзі жылы көрінетін осы бір тұлға бүгінгі таңда теңдессіз саясаткер ғана емес, отбасында сүйікті жар, ардақты әке. Дәурені жүріп тұрған саясаткердің ауыздан-ауызға тарап, аңызға айналған сөздерін ұсынамыз:

  • Үміт – ұлтымыздың негізі. Тағдыр маңдайға жазып қойғанынан емес, сол тағдырды өзіміз жазатынымыздан үміттену керек. Өзіне берілген өмірге қанағаттанбайтын жандар өмірді өзі қалағандай қылып жазуға батылдану керек. 
  • Кім талантты әрі креативті болса, болашақ соныкі. 

Барак Обама, жары Мишель және қыздары Саша мен Малия

  • Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.
  • Бәрінен бұрын өмірге отбасым үшін шексіз алғысымды айтамын, менің Мишельдей керемет жарым бар, екеуміздің екі сұлу қызымыз бар. 
  • Сізді алдағым келмес еді. Мен қарапайым өмірмен күн кешетін адаммын, пенде ретінде қателік жасайтын кездерім де болады. 
  • Президенттің ең негізгі қызметтерінің бірі мынада жатыр: Егер сен өкпешіл болсаң, онда басқа жұмыс іздеуіңе тура келеді. 

Барак Обама отбасымен

  • Бәрінен бұрын, бір уақытта шешу керек проблемалардың көптігіне таңғаламын. 
  • Қазір компьютер алдында отыра беретін заман емес, балаға көп көңіл бөлу керек. 
  • Шошқаны далаппен бояп қойсаң да, шошқа күйінде қалады. 
  • Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген – мына өзіміз. 

Сурет: ria.ru, ridus.ru

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова