Бейонсе секілді билеген PSY

Бейонсе секілді билеген PSY

«Gangnam Style» хит-әнімен танымал кәріс әншісі PSY соңғы концерттерінің бірінде «Single Ladies» нөміріне арналған жаңа киім үлгісін таныстырыпты.

Ертеректе Бейонсенің аты шулы хитына би каверін көрсетіп, көпшілікті бір мәз-мейрам қылып тастаған еді. Енді міне, PSY жаңа образда шыққанды жөн көрсе керек. Және бұл қадамы тағы да сәттілікке ұласып, күн санап атын шулатуда.

Естеріңізге сала отырсақ, таяуда әйгілі әнші көптен күткен жаңа әннің тұсауын кескен болатын. Әннің аты - "Gentleman". Сол арқылы интернет әлемін тағы "жарып еді". 

Қызық-ақ, бұл туралы Бейонсе не ойлайды екен?

сурет:mirror.co.uk

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига