"Ляпис Трубецкой" тобы Қазақстанға келеді (Видео)

"Ляпис Трубецкой" тобы Қазақстанға келеді (Видео)

Белоруссиялық топ "Ляпис Трубецкой" Қазақстанның төрт қаласында концерт қояды. Сапар "Lyapis Crew" турының аясында жүзеге асады.

"Айта кетелік, "Ляпис Трубецкой" тобы белоруссиялық музыкалық экспорттың жалғыз өкілі. Топ Ресей мен Еуропада жиі концерт бергенімен, оның шығармашылығына өз отанында бейресми түрде тыйым салынған", - деп хабар таратты концерт ұйымдастырушылары.

Концерттер 12 сәуірде Орал қаласында ("Жастар" мәдениет үйі), 13 сәуірде Алматыда (Da Freak Club), 14 сәуірде Қарағандыда (Свинцовый дирижабль) және 15 сәуірде (Abay Road) Астанада өтеді.

Топ қазақстандық өнерсүйер қауым үшін арнайы концертке шақыру видеосын да түсіріпті:

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.afisha.ru