Фортепиано мен синтезатор бір аспапта

Фортепиано мен синтезатор бір аспапта

Музыкалық аспаптың күй-күші қолданушыға байланысты деп жатады. “Seaboard GRAND” орталығының фортепиано мен электронды синтезаторды бір арнада табыстырған жаңа аспабымен қолданушының өзі ән әлемінде шарықтап кете алады. Жаңа музыкалық аккордтарды тудыруда симфониялық шығарылымдарды жандандыра түсуге болатын көрінеді.

“Seaboard GRAND” орталығы “ROLI” компаниясымен бірлесе отырып, интерфейстердің сенсорлы, иілгіш әрі бейімді (SEA) технологияларын пайдаланып келеді. Жұмсақ келген батырмалардың көмегімен қажет болған дауыс диапазоны мен тереңдікке еш қиындықсыз қол жеткізе аласыз.

Сатып алар ма едіңіз?

 

сурет:prikol.me

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига